Askar Kasymov

28 Jan 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Сәлеметсізбе! Мен сұрайын дегенім Айелім 4 курс студенті, аяғы ауыр жакын арада босанады, босаныуымен оқу емтіхандары бітуіне арасы бір ай. Cоған кандайда бір женілдіктер барма? орысша айтканда ( досрочна) оқу емтіхандарын тапсырып тастауға болама,?

Жауап:

24.01.2019 жылы Сізден келіп түскен хатқа ҚазҰМУ 2018-2019 оқу жылының академиялық саясатына сәйкес жауап бере отырып, тәжірибелік сабақты және емтиханды мерзімінен бұрын тапсыру қарастырылмаған, сонымен қатар келесі пункт бойынша 3.8. белгілі себептерге байланысты сабақты жіберген білім алушыларға сабақты қайта өтеу мынадай жағдайларда мүмкіндік берілетіндігін ескертеміз:

Белгілі себептерге байланысты сабақтан жіберулерге (пропуски) мыналар жатады:

  • Сырқаттанып қалу (медициналық анықтамасы болу керек және оны Университеттің профессорлық клиникасында растау керек),
  • Спорттық жарыстарға, олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға қатысқанда (оны растайтын құжаттары болған жағдайда),
  • Жанұялық жағдайға байланысты (арыз жазылып, оған деканның визасы қойылған жағдайда).

Белгілі себептерге байланысты сабақтан қалған жағдайда, сабаққа кіріскен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде  құжаттарды деканатқа алып келуі қажет.

Кафедраның немесе курстың профессорлық-оқытушылар  құрамы  белгілі себептерге байланысты сабақты жіберген білім алушыларға, жіберген сабағының көлемі 30 сағаттан аспаған жағдайда оны қайта өтеуге мүмкіндік жасаулары керек.

Белгілі  себептерге байланысты сабақты жіберген білім алушылар семестр соңына дейін сабақты қайта өтеуге мүмкіндіктері бар.

Кафедра меңгерушілерімен келісе отырып, деканат қызметкерлері сабақты қайта өтеудің мерзін  жолдамада көрсетеді.


_ _ _

Loading