Олжас Қырғызәлі

16 Nov 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Құрметті Аканов Акан Аканович мен жалпы медицина факультетінің 2курс 26-2к группасының старостасымын.Біздің группаның өтініші бойынша 2сабақты бірге өтсек.Себебі біздің сабақ жаздың ортасына дейін оқимыз.Және де экзамен өту пайызын түсірсеңіз 1 этап 25 пайыз этапты пайыз қылсаңыз.Өтінішімді орындайды деген ойдамын.Рахмет сізге!

Ответ:

Құрметті Қырғызәлі Олжас!

Сіздің 19.10.2015ж жазған сұрағынызға жауап ретінде төмендегі ақпаратты ұсынамыз:

2015-2016 оқу жылында ҚазҰМУ-ң барлық курстарының білім алушыларына арналған академиялық күнтізбеде 2015 жылдың 14 желтоқсаны мен 2016 жылдың 03 қаңтары аралығында 3 апталық қысқы демалыс күндері қарастырылған. Сол себептен, жазғы демалысқа шығу мерзімі шегерілген.

Ал, қорытынды бағаның алпыс пайызын осы пән бойынша оқу барысында жинаған жіберілу балы және қырық пайызы екі кезеңде өткізілетін емтихан бағасының балы құрайтындығы білгілі. Өз ретінде емтиханның екі кезеңінің үлесі төмендегідей:

І-кезең (тест тапсыру) үлесі — 0,25

ІІ-кезең ( практикалық дағды) үлесі- 0,15.

Жоғарыда айтылған мәліметті университет сайтында орналастырылған « ҚазҰМУ-ң 2015-2016 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру» ережесінің ( 50 п.) көре аласыз.


_ _ _

Loading