11.03.2015 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за March 11th, 2015

Айнур Асылова

11 Mar 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Құрметті Айқан Ақанұлы! Алдағы 8-наурыз мерекесі және 22-наурыз мерекесі құтты болсын! Бізді мазалап жүрген маңызды сұрақпен бөліскім келіп отыр. Біздің университет айлық жалақыны үнемі кешіктіріп алады, негізгі тәртіп бойынша жалақы әр айдың соңында берілуі тиіс емес пе?! Жалақының кешіктірілуі біздің бухгалтерияның кінәсі ме әлде басқа тарапың кінәсі ме екен? Бізде басқа университет қызметкерлері сынды жалақыны әр айдың соңында берілгенін қалаймыз. Себебі, отбасы асарап отырғаннан кейін, әр ай сайынғы коммуналды қызмет төлемі, кредит т.б. төлеу қиындықтары туады. Сонымен қатар, былтырғы Елбасының Жарлығы бойынша төлемақыға 10 пайыз ақы қосылуы керек еді, бұл мәселенің шешілуі біздің университетте әлі де ақсап келеді. Жылда басқа оқу орындарында ауқымды мерекелерде (8-Наурыз, 22 Наурыз, 16 Желтоқсан т.б.) сыйақы беріледі. Бізде де осы мәселені шешіп, қызметкерлерді жұмысқа ынталандыру үшін сыйақы беріліп тұрса дейміз, сыйақының берілуі шарт деп есептейміз. Сізден осы жағдайларды ескеріп, нәтиже шығарсаңыз екен дейміз.

Ответ:

Саламатсызба Айнұр, Сіздің 2015 жылдың 4 наурызында жазған сұрағыңыз бойынша мына мәліметті ұсынамыз:

Біздің университет, негізінен республикалық бюджеттен (яғни, ҚР ДСжӘДМ) қаржыландырылады. Қызметкерлердің негізгі еңбекақысы «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бағдарламасының есебінен құралады.

2015 жылға мамандарды даярлау үшін бөлінген қаражат мөлшері өзгерген жоқ. Ол қаражаттың мөлшері жыл сайын ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілетін білім алушылардың оқу ақысына төлейтін қаражатқа тікелей байланысты.

Еңбекақы төлеу туралы ережеге сәйкес еңбекақы төлемін жасау айлық есептелгеннен кейінгі айдың алғашқы онкүндігінде (яғни, келесі айдың 10-на дейін) жүргізіледі. Сондықтан, біз мүмкіндігінше еңбекақыны әр айдың 7-не дейін төлеуге тырысамыз.

Еңбекақының іс жүзінде (факті бойынша) есептелуі үшін жұмыс уақытын есептеу табелі ағымдағы айдың 25-не дейін өткізілуі қажет. Әрі қарай бухгалтерия ұсынылған табельдер мен бұйрықтарға сәйкес есептеу ведомостарын өңдеуі қажет.

Университетте сыйақы беру жылдың қорытындысы бойынша және Еңбекақы төлеу қорының үнемделуі есебінен беріледі. Және жылдың басы мен ортасында сыйақы беру қарастырылмағандығын атап айтамыз.






Енлик Бейбут

11 Mar 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Салеметсизбе Айкан Аканович мырза менин сизден сурайын деген сурагым осы жылы Стоматология мамандыгы бойынша магистрантурага тусейин деп едим стоматология бойынша болим ашылама?

Ответ:

Жоғары оқулық білім алу мамандықтар классификаторы бойынша, Сізге «медицина», оның ішінде стоматология мамандығына түсуге болады.

2015-2016 оқу жылына магистратураға 2015 жылдың 10 шілде айынан 2015 жылдың 30-на дейінқұжаттардың қабылдауы басталады. 1 тамыз айынан 20-на дейін магистратураға кіріспе емтихандар жүргізіледі, ал магистратураға алу – 25 тамызға дейін созылады.

Келесі емтихандардан (ағылшын, неміс тілі, француз)магистратураға түсуге біреу тапсырылады және бір емтихан мамандығы бойынша қабылданады.