December 2014 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за December, 2014

Марал Аскаровна

26 Dec 2014  |  Опубликовано в Сұрақ

Вопрос ректору

От: Марал Аскаровна <[email protected]>

Тема вопроса: От сотрудника

Вопрос:
Құрметті Айқан Ақанұлы!
Сәлеметсізбе! Менің білейін дегенім, 1-желтоқсанға премия тек басшыларға берілді. Ал қарапайым қызметкерлерге ұшы да көрінбеді. Ал, Тәуелсіздік күніне арналған мерекеде өзіңіз уәде бергендей 2 премияның аталғаны болмаса оның да қарасы көрінетін түрі жоқ. Көптеген құрылым басшылары мен бөлім басшылары тек өзіне ұнайтын қызметкерлеріне сыйақы жазып, қалған қарапайым қызметкерлердің күні не болмақ? Оқытушы профессорлық құрам KPI- арқылы премия алса, тьюторлар премия алса, әкімшілік қызметкерлерді кім ойлайды? Әрине басшыларға бәрібір, айтсаң сүйкімің кетеді, айтпасаң жағдайымыз жақсаратын түрі жоқ. Ашынған қызметкерлер Президентке шағымдана алмайды деп ойлайдыма? Себебі, Президентіміздің қосқан 10 пайыз еңбекақыны көтеру үкімі орындалмаса, ең болмаса 13 еңбекақы төленбесе, не премияны дұрыстап бермесе біздің университетіміздің қызметкерлерінің күйі не болмақ? Тек басшылар мен басшыларға ұнайтын қызмекерлер ғана премия алса, әділдік қайда қалды?
Сіздің айтқан сөзіңізді орындайтыныңызға сенімім мол, алайда басшылар тарапынан қызметкерлерді екінші премияға ұсыну реті қарастырылмайды. Өзінің командасы арқылы басшы болып марқайып отырғанын сезінбейтін, қызметкерлерінің сөзін сөйлей алмайтын басшыларымыз да жетерлік.
Айқан Ақанұлы сіздің дұрыс шешім шығаратыныңызға сенеміз. Әкімшілік басқару қызметкерлерінің атынан.






Асан Смагулов

26 Dec 2014  |  Опубликовано в Сұрақ

Вопрос ректору

От:

Тема вопроса: От сотрудника

Вопрос:
Құрметті  Айқан Ақанұлы!
Ассалаумағалейкум! Менің Сізге қояр сұрағым алдыңғы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шарада айтылған 2 премия беріледі ме? Құзыреті мықты органдарға немесе МИНИСТРДІҢ БЛОГЫНА жазғанда ғана беріледі ме?  Әлде, әдеттегідей тек бастықтар өздерін жазып, қарапайым қызметкерлерге премия арман болып қалады ма?
Естуімізше тек бастықтар өздерін баянатпен ұсынып, бастықтардың қол астындағы қызметкерлер үні шықпай қала бермек пе? Бастықтарымыздың өз командасының арқасында жұмысы көрініп,  мақтау естіп отырғанын  ұмытып кете беретіні де қызық жағдай емеспе?
Кредиті бар, бала-шағасының оқу ақысын төлеймін деп жағдайы төмендеп кеткен қызметкерлер әрине жұмысынан айрылғысы келмейтіні де анық.  Ал осындай жағдайда жүрген, қызметіне адал, әрқашан әділдікті қалайтын қызметкерлерді  премияға ұсынудың орнына, сендерге премия жоқ, баратын жеріңе бар, маған десең ректорға бар деп батылдық танытып отыратын бастықтарға қалай премияға ұсыныңызшы деп айта аламыз?
Сізге  сенеміз. Сау болыңыз Айқан Ақанұлы!






Азамат Орынбасар

23 Dec 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: Азамат Орынбасар <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Как поступит в КазНМУ,  можно ли после 10 класса

Ответ:

Азамат Орынбасар

Здравствуйте Азамат! Согласно Типовым правилам приема, в высшие учебные заведения принимаются лица, имеющие общее среднее, техническое и профессиональное либо высшее образование. Прием лиц, поступающих в высшие учебные заведения Республики Казахстан осуществляется по их заявлениям на конкурсной основе в соответствии с баллами сертификата, выданного по результатам единого национального тестирования (ЕНТ) или комплексного тестирования. Таким образом для поступления Вам необходимо получить общее среднее образование (окончить школу) и пройти ЕНТ.






Ерсін Қасымбеков

23 Dec 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: Ерсін Қасымбеков <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Аканов Айкан Аканович Саламатсызба сізден сурайын деп ем мен каз мед коледж да оким 1 курс енди Асфендияров атындагы Университет тусейн дегем соган кандай документ тапсырам сосын ЕНТ кайта тапсырамба
канша балл алуым керек нақты 2015

Ответ:

Ерсін Қасымбеков

Саламатсыз ба Ерсін! ЖОО-на түсу үшін, колледждегі білімді аяқтағаннан сөң кешенді тестілеуден өту керек. Кешенді тестілеу 4 пән бойынша өткізіледі: қазақ немес орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы және профильді пән (медициналық мамандықтар үшін-биология) бойынша. Өткен жылғы қабылдау Ережелері бойынша, Ұлттық ЖОО-на түсу үшін кемінде 70 балл жинақтау қажет болды. Грантқа өту баллдары бойынша көрсеткіштер жыл сайын өзгеруде, ол таңдаған мамандығыңызға бөлінген грант санына, конкурсқа өтініш берген талапкерлер санына және т.б. көрсеткіштерге байланысты өзгеріп отырады және тек конкурс аяқталған кезде белгілі болады.






Алтынай Арзукулова

23 Dec 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: Алтынай Арзукулова <[email protected]>

Тема вопроса: От студента

Вопрос:
салеметсиз бе?мен биофизика кафедасына шағым айтқым келеді.Апайлары экзамен ауызша этапты дұрыс алмайды .Берілген уакытта алу керек гой.мен экзаменге кирдим 10 минут болмай жазган паракты алып койды.мен кайта тапсыргым келеді ол ушин не истесем болады

Ответ:

ҚҰРМЕТТІ Алтынай Арзукулова!

2 – этап бойынша емтихан тапсыру:

1.Билет бойынша берілген практикалық дағдыны тапсыру кезінде студент жауапты жазбаша түрінде жазған күннің өзінде жұмысты ауызша тапсырады. Ауызша тапсыру кезінде, яғни прибормен жұмыс жасау кезінде берілген жауапты студент толықтыра алады. Студенттің жауабы БАҒАЛАУ ПАРАҒЫНДА көрсетілген пайыздық көрсеткіштердің қосындысы бойынша бағаланады. Соңында жауап берген бағасына студенттің «келісімі», яғни қол қояды.

2. Емтихан тапсыру парақтары кафедрада сақталады.

3. Сіздің аты-жөніңіз кафедрада қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін пәндер бойынша емтихан тапсырған студенттер тізімінде тіркелмеген. Шағымды талқылау үшін, алдымен өзіңіздің қандай мамандық, қандай топта, қай курста оқитыныңызды және қандай пәнді тапсырғаныңызды толық көрсетіңіз.