Яхия Жарылқасын

19 Apr 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 

Вопрос ректору
От: Яхия Жарылқасын <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Айқан аға мен ҚазҰМУ-дың жалпы медицина факультетіне түссем деп едім.Оқу жылы қанша мерзім құрайды?Ауылдық квота қарастырылғанба?Әскери кафедра барма?Оны оқысам военный билет ала-аламба?2012 жылғы жалпы медицина факультетіне өту балы және грантқа өту балы қанша болды сол жайлы айтып берсеңіз?Грантқа өту қалай шешіледі?

Құрметті Жарылқасын Яхия!

Біліктіліктер мен лауазымдар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 22.11.2002., №273-П бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес және басқа да нормативті құжаттармен айқындалады.

051301-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша (5+2) оқуды тәмамдаған тұлғаға жоғары білімді білікті дәрігер дипломы беріледі. Осы дипломмен бірге оқу жоспары бойынша игерілген несие және академиялық сағаттар көлеміне сай меңгерген пәндер тізімі мен бағалары туралы академиялық анықтама,    интернатурада дайындықтан өткені туралы куәлік беріледі. 

051301-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша (5+2) оқуды тәмамдаған бітіруші заң тұрғысынан бекітілген жалпы дәрігерлік практика немесе гигиена-эпидемиология бағытында дәрігер ретінде дербес практикалық қызмет етуге рұқсат беріледі.

051301-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша НМБ (5+2) бітірген бітіруші магистратура немесе резидентурада білімін жалғастыруға құқылы.

051301-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 5 жылдық оқуды тәмамдаған бітірушіге клиникалық іс-практикамен байланысты емес өз мамандығы бойынша жұмыс жасау үшін жоғары медициналық білімді «бакалавр»  академиялық дәрежесіне иегер  дипломмен бірге оқу жоспары бойынша игерілген несие және академиялық сағаттар көлеміне сай меңгерген пәндер тізімі мен бағалары туралы академиялық анықтама беріледі. Медицина бакалавры оқуын магистратурада жалғастыра алады.

Ауылдан мектеп бітіріп келген талапкерлерге жеңілдік бар.

Әскери дайындық 2 курстың 2 семестрінен басталады және оған баруға студенттерге кейбір талаптар қойылады, студенттердің шектеулі саны ғана өтеді. Дайындықтан мүдірмей өткен студенттерге әскери құжат беріледі.

Келесі сұрақтарды осыған дейін жазған хатыңызда да қойғансыз. Одан бері ереже өзгерген жок.

Барлық медициналық мамандықтар бойынша білім беру гранты ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен анықталады. Барлық мамандықтар бойынша алдын-ала 2013 жылы мемлекеттік білім грантын алудың жоғарғы және төменгі баллын анықтау мүмкін емес, өйткені бұл бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша ҰБТ нәтижесіне және біздің Университетке түсу үшін өтініш білдірген абитуриенттердің санына байланысты. 2012 жылы ҚазҰМУ-дың ақылы бөліміне оқуға түсудің өтпелі баллы 70 болды.

 


_ _ _

Loading