Нурлан Жарас

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Нурлан Жарас <nurlan–[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента

Сәлеметсіз бе Айқан Ақанович. Мен “Жалпы медицина” бөліміне оқуға түсіп, әрі қарай “жарақат” дәрігері бола аламын ба? Және документтерді қай уақыт аралығында тапсыру керек екенін білмей жатырмын… Алдын-ала рахмет.

 

Саламатсыз ба, Нұрлан!  «Дәрігер-травматолог»  мамандығын алу үшін «Жалпы медицина» факультетін таңдау керек.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-1 тармағына сәйкес білім алу гранттарын иелену конкурсы 23 шілде мен 31 шілде аралығында өтеді. 


_ _ _

Loading