Нуржан Жумаш

26 May 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Нуржан Жумаш <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента

Сәлеметсізбе, Айкан Аканович! Сізге қояр сауалым: мен Жұмаш Нұржан Астана қаласындағы медициналық университетте ақылы негізде “Медбикелік ісі” мамандығы бойынша 1-курсты аяқтадым. Енді екінші курстан бастап сіздердің оқу орындарыңызға “Жалпы медицина” мамандығына ақылы негізде қабылдана алам ба? Сізден жауап күтемін. Алдын ала рахмет!

Сәлеметсіз бе, Нуржан Жумаш! 

 19.01.2012 ж  №110 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары»   бұйрыққа өзерістер мен толықтарулармен сәйкес,  сіз ОКМУ-дан  ауысуына байланысты басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш береді ауысуға мөрмен бекітіліген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді.

Қабылдаушы ЖОО басшының атына жазылған ауысу  туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің, ұлттық бірыіғай тестілеуді немесе кешенді  тестілеуді (бакалавриат үшін) тапсырғаны туралы сертификаттың, білім беру гранты иегері куәлігінің (егер грант иегері болса) оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) кқшірмелері қоса берілуге тиіс.

Басқа білім ұйымына ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысанда ауысу туралы жазбаша өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, өзі қалаған білім беру ұйымының басшысына өтініш белдіреді.

Студенттер басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ға ауыстыру тек ақылы негізінде ғана жүзеге асырылады.  Бұл ретте студенттің үлгерімі өте жақсы және жақсы болуы, сондақ-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы тиіс.

 


_ _ _

Loading