Мадина Иембердиева

08 Jan 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Мадина Иембердиева <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Cәлеметсіздер ме! Мен Иембердиева Мадина Алматы қаласындағы номері 9 мектептің 11 сынып оқушысы едім. Мен биология пәнін 5ші пәнім ретінде таңдап, болашақта осы С.Д.Асфендияров атындағы университетке түссем деген мақсатым бар. Грантқа түсу үшін неше балл жинауға тиісті екенімді айта аласыздар ма?

Ответ:

Иембердиева Мадина

Саламатсыз ба Мадина! Өткен жылғы қабылдау Ережелері бойынша, Ұлттық ЖОО-на (тым болмаса ақылы бөліміне) түсу үшін кемінде 70 балл жинақтау қажет болды. Грантқа өту баллдары бойынша көрсеткіштер жыл сайын өзгеруде, ол таңдаған мамандығыңызға бөлінген грант санына, конкурсқа өтініш берген талапкерлер санына және т.б. көрсеткіштерге байланысты өзгеріп отырады және тек конкурс аяқталған кезде белгілі болады. Сондықтан қажетті балл бойынша ақпаратты әзірге бере алмаймыз.

 


_ _ _

Loading