July 2014 - Page 2 of 9 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за July, 2014

Акмаржан Бекбердинова

16 Jul 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Акмаржан Бекбердинова <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Сәлеметсіз ме! Мен 2014 ж. түлегімін. ҰБТ-дан 112 балл жинадым. Орыс тілінсіз 90. “Алтын белгімін”. Стоматология факультетіне грантқа түсе аламын ба? Проходной балл қанша? Алдын ала рахмет…

Саламатсыз ба Акмаржан! «Алтын белгі» иегерлеріне конкурс кезінде басым құқық беріледі, сондықтан стоматология факультетіне түсуге мүмкіндігіңіз бар.

 






Айнагуль Дузбагамбет

16 Jul 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Айнагуль Дузбагамбет <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Саламатсызба! Медико-профилактикалық факультетине канша балмен тусугеболды?

Саламатсыз ба Айнагуль! Грантқа өту баллдарын жыл сайын  ҚР Білім және Ғылым Министрлігі бекітеді, ол Республика бойынша талапкерлердің ҰБТ және КТ тапсыру көрсеткіштеріне байланысты өзгеріп тұрады. Грантқа өту баллдары тек конкурс аяқталған кезде белгілі болатындықтан, әзірге грантқа түсу үшін қанша балл қажет екені белгісіз.  






Санжар Мухамедкаримов

16 Jul 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Здравствуйте Санжар! Согласно п 2, статьи 8  Закона об образовании «Государство обеспечивает получение гражданами Республики Казахстан бесплатного предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования, а также на конкурсной основе в соответствии с государственным образовательным заказом бесплатного технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского образования, если образование каждого из этих уровней гражданин получает впервые». Таким образом, в случае если Вы были  обладателем гранта СГМУ, в КазНМУ им.С.Д.Асфендиярова Вы имеете право поступить на договорной основе, сдав КТА в любом ВУЗе РК.

 






Назым Келдібек

16 Jul 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Назым Келдібек <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Саламатсыз ба! менің сіңлім 11 сыныпты қызылға бітіріп еді. Негізгі арманы хирург болсам дейді,ал хирур болу ушін қандай мамандықты таңдаса болады? осы жөнінде толығырак айтсаныз және де Асфендияровқа оқуға қабылдау нешесіне дейін жүреді?

Саламатсыз ба Назым! Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі 23-31 шілде 2014ж.  Хирург болу үшін алдымен «Жалпы медицина» факультетіне түсіп, 5 жыл бакалавриат оқып бітіру қажет. Одан кейін интернатура (2жыл) және резидентурада (4 жыл) оқуы керек.






Құлпынай Асан

16 Jul 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Құлпынай Асан <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Құрметті Айқан Ақанов Жалпы медицина мамандығына кем дегенде қанша баллмен түсуге болады ? АЛДЫН АЛА РАХМЕТ!!!

Саламатсыз ба Асан! Грантқа өту баллдарын жыл сайын  ҚР Білім және Ғылым Министрлігі бекітеді, ол Республика бойынша талапкерлердің ҰБТ және КТ тапсыру көрсеткіштеріне байланысты өзгеріп тұрады. Грантқа өту баллдары тек конкурс аяқталған кезде белгілі болатындықтан, әзірге грантқа түсу үшін қанша балл қажет екені белгісіз. Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі 23-31 шілде 2014ж. ҰБТ қазақ тілінде тапсырған болсаңыз, грант қазақ бөліміне ғана бөлінеді.