02.09.2012 - Page 6 of 7 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за September 2nd, 2012

Айгерим Отеу

02 Sep 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Здравствуйте,Ректор!Я живу в городе Шымкент  хотела бы отсюда сдать свои документы !Я набрала 116 баллов .  Когда можно подать документы?

Здравствуйте,  Айгерим! Заявления для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов принимаются с 23 по 31 июля 2012 г. во всех вузах РК,  где работает приемная комиссия.






Зарина Серікқызы

02 Sep 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсіздер ма? Мен биылғы жылғы ҰБТ-дан 89 балл алған едім , Сұрақ осы балмен жалпы медицина факултетіне грантқа оқуға түсе аламын ба? Құжат қай күнге дейін қабылданады, осы факултетке қандай құжаттар керек.Алдын ала рахмет!

 

Саламатсыз ба,  Зарина!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау үшін Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына50 баллдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.    Білім алу грантына конкурсқа қатысуы үшін құжаттар 23 шілде мен 31 шілде аралығында қабылданады.

Сіз шілде айының 31-не дейін құжаттарыңызды жинап (аттестат, аттестаттың қосымшасы, ҰБТ сертификаты, 086-У мед анықтама, 063 алдын ала егу картасының көшірмесі, жеке куәлік, 3х4 – 6 фотосурет)     қабылдау комиссиясына конкурсқа қатысу үшін тапсыру керексіз!

 

 






Айдос Канатбай

02 Sep 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсізбе!Айкан Аканович,мен биылғы ҰБТ-леуден 65 балл жинадым,орыс тілін алғанда 56 балл болып тұр,қабылдау комиссияларынан сұрағанда 56 баллмен ақылы бөлімге стоматологияға бойынша түсуге болмайтынын айтты.Шынында 56 баллмен түсе алмаймын ба? Түсе аламын ба? Сізден жауап күтемін

 

Саламатсыз ба,  Айдос!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына50 баллдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.   

 

Поисковые слова:

  • жоғары математика айдос
  • жоғарғы математика айдос
  • Айдос Жоғарғы математика





Сымбат Ботаева

02 Sep 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсиз бе! Мен алтын белги иегери едим ! Сизден сурарым Алтын белги ушин конкурсты кутпей ак бирден казир барып документимды тапсыруга бола ма? Жатакхана алуыма ше??
Саламатсыз ба,  Сымбат!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау үшін үміткерлер білім алу грантына 23 шілде мен 31 шілде аралығында өтетін конкурсқа қатысуы керек!!!

Сіз, конкурсқа қатысу үшін,шілде айының 31-не дейін құжаттарыңызды жинап (аттестат, аттестаттың қосымшасы, ҰБТ сертификаты, 086-У мед анықтама, 063 алдын ала егу картасының көшірмесі, жеке куәлік, 3х4 – 6 фотосурет)     қабылдау комиссиясына тапсыру керексіз!

ҚазҰМУ-не грантқа түскен 1 курс студенттері  жатақханамен  міндетті түрде қамтамасыз етіледі.

 






Қарагөз Аронова

02 Sep 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Саламатсыз ба! Мен биыл ҰБТ тапсырдым,барлығы 110 балл жинадым,орыс тилинсиз 86+ауылдық квота бар! Жалпы медицинаға грантқа тусе аламын ба? Биологиядан 24 балл!

 

Саламатсыз ба,  Қарагөз!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына50 баллдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.   

Ауыл квотасы гранттардың жалпы санының 30% құрайды, ауылдық квотаға балл қосылмайды.