Вопросы-ответы Archives - Страница 396 из 419 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Вопросы-ответы

От абитуриента

04 Aug 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Мерей Кулжан
Сәлеметсз бе Аканов Айкан Аканұлы! Мен талапкер ретінде мазалап жүрген сұрагымды кояйын деп едм: Маган түсінідіріп отесіз бе дәрігерлік емдеу ісі мамандығымен қоғамдық денсаулық сақтау мамандыгыгың айырмашылығын, екеуі де СЭС мамандығы болып есептеле ме? Нағыз СЭС мамандығының иесі болу үшін қайсысын таңдау керек? Жауабыңызды кутем, сізге көп рахмет.

 

Ответ:

Құрметті Мерей!

Түсінгенім бойынша сізді қоғамдық денсаулық мамандығы қызықтыратын сияқты. Себебі сіз қалап отырған мамандық медициналық-профилактикалық факультетінде оқытылады. Ол факультетте екі мамандық қарастырылған. Біріншісі, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы – оқу мерзімі 5 жыл. Академиялық дәрежесі – қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры. Біліктілігі – қоғамдық денсаулық сақтау маманы. Бакалавриатта оқуды аяқтаған бітіруші қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастырушы немесе гигиена және эпидемиология маманы ретінде дербес практикалық қызметке жіберіледі. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітіруші оқуын әрі қарай магистратурада жалғастыруға құқылы.

Екіншісі, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы – оқу мерзімі – 5 жыл. Академиялық дәрежесі – медициналық-профилактикалық іс бакалавры. Біліктілігі – гигиена және эпидемиология маманы. Бакалавриатты бітірген түлек эпидемиология, коммуникалды гигиена, еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, радиациялық гигиена, вирусология, бактериология маманы ретінде тәжірибелі қызметке жіберіледі. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлек оқуын одан әрі қарай магистратурада жалғастыра алады.

 






Учебный процесс

04 Aug 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Венера Куатбекова

Salamatsiz ba Aikan Akanuli. Menyn sizge xat joldau sebebym, meni tolgandiratyn masele. Menyn joldasym Nurseitov Azamat sizderde 6 kursta okidi emdeu isinde. Menyn sizden suragym keletini,sizder studentterdyn jeke minez kuliktarina, ol dariger bola aladima, jardem bere aladi ma sogan nazar audarasizdar ma? Bul maseleni surap otirganym menyn joldasym meni uilengen uakittan bastap katty uratin. Jukti kezimde de uratin. Kiz bosandym. Kizimnyn aldinda da uratyn. Kazir men odan ketip kaldym. Ari karai korkiniwpen omir suru mumkin emes. Sotkada ariz berdym. Bul arine jeke masele. Menyn oiym, sizge xat jazudagi osindai adamdar dariger boluga laiykti ma? Mumkin bul adamda psixologialik auitkular bar wigar. Ak xalatty Abzal jan deuge bolmas. Korkiniwtisi ol adamnyn omirin arawalaityn bolu kerek emes pa? Bundai adamga medicina salasinda jumis isteuge jol beruge boladi ma? Ol keibir adamdardyn densauligina zian tigyzyp jatir. Raxmet sizge. Shimkent kalasi.

Ответ:

Құрметті Венера!

Өкінішке орай, отбасындағы күш көрсету жағдайлары біздің қоғамда жиі көрініс тауып отыр. Бүгінгі құқық қорғау органдары бұл келеңсіздікпен күрес жүргізіп келеді. Сондықтан отбасында күш көрсетіп, ұрып-соққаны үшін отағасы заңды тұрғыдан да үлкен жауапкершілікке тартылады. Бұл бүгінгі қоғамның дертіне айналып отыр. Сондықтан да университет тарапынан да осы бір жағдаймен күрес жүргіземіз. Біздің университетте Этикалық кеңес жұмыс істейді. Сіздің шағымыңыз Этикалық кеңесте қаралатын болады. Әрине, өзінің іс-әрекетіне жауап бере алмайтын адам дәрігер болуға тиіс емес. Сол себепті бұл жағдай осы кеңесте толығымен қарастырылып, тиісті шаралар қолданылады.

Поисковые слова:

  • жукти болу
  • еки кабат болу жолдары
  • жукти болу жолдары
  • жукти болу ушин
  • еки кабат болудын жолдары
  • жукти болудын жолдары
  • еки кабат болу
  • жуктi болу
  • екикабат болу
  • Жукты болу





От абитуриента

04 Aug 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

— Вопрос ректору

От: Алтынай Мажитова <>

Сәлеметсіз бе, құрметті Айқан Ақанұлы! Мен осы жылы, яғни 2011 жылғы мектеп бітіруші талапкерімін. Мен сіздің университетке грантка құжаттарымды тапсырған едім. Әлі жауабы келмесе де, өзімнің шын жүректен қалаған мамандығыма грантка түсе алмасам деген ой маза бермейді. Мен орыс тілін санамағанда 88 ұпай жинадым және аттестатымнын орташа баллы 4,8. Осындай нәтижемен стамотология бөліміне грантқа түсе аламын ба, әлде үміттеніп қажеті жоқ па? Алтын уақытынызды бөліп жауап беріп жатқаныңызға алдын ала үлкен рахмет! Сіздін жауабынызды асыға Ð

�үтудемін!

 

Ответ:

Құрметті Алтынай!

Өкінішке орай, конкурстың нәтижесін мен де білмеймін. Өйткені балдар енді есептеліп жатыр. Конкурс қорытындысы 10 тамыздан кейін ғана белгілі болады. Тапсырған талапкерлер саны өте көп. Олардың барлығын есептеп, нәтижесін шығаруға біршама уақыт керек. Сонымен қатар белгілі ереже бар. Сол талапқа барлығымыз бағынуымыз керек. Сіздің мазасыздығыңызды түсінгеніммен, дәл қазір ештеңе айта алмаймын. Жолыңыз болып, өз қалаған мамандығыңызға түсіп кетуіңізді тілеймін.

 

 






От абитуриента

02 Aug 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Сымбат Исаева <
[email protected]>
Саламатсыз ба , құрметті Айқан Ақанұлы! Мен осы жылғы мектеп бітіруші талапкермін. Егерде жалпы медицина мамандығына грантка түскен жағдайда қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына ауыса аламын ба?
Ондай кезде грант сақталады ма?

 

Ответ:

Құрметті Сымбат!

Егер сіз «Жалпы медицина» мамандығына мемлекеттік грант бойынша түссеңіз, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына (медициналық-профилактикалық факультеті) тек ақылы негізде ғана ауыса аласыз. Себебі, сіз алып отырған грант тек «Жалпы медицина» мамандығына берілген грант болып табылады. Сондықтан ол грантты басқа мамандыққа ауыстыруға болмайды.

 

 

 






От абитуриента

02 Aug 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Ермек Сураншин

Ассалаумагалейкум Айкан Аканулы!Сизге бир сурагым бар!Мен Костанай каласынын казак мектебын битирдим!Енди сиздин ЖОО-да орыс болиминде окыгым келеды!Бирак биздин кужаттар кабылдайтын жердегилер орыс болимине типти болмайды, конкурсын куйеды деп айтты!Енди сизден накты жауабын билгим келеди!Алдын ала коп рахмет! Шыгармашылык табыс тилеймин!

Ответ:

Құрметті Ермек!

Сіздің қазақ мектебін бітіріп, ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсыра отырып, автоматты түрде жоғары оқу орнында оқу тілін таңдадыңыз. Егер сіз мемлекеттік грант бойынша орыс бөлімінде оқығыңыз келсе, келесі жылы орыс тілінде кешенді тест тапсыруыңыз керек. Ал ақылы негізде оқитын болсаңыз, орыс бөлімін таңдай аласыз.

Поисковые слова:

  • Кешенди тест
  • кешенді тест 2012