Июль 2019 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за July, 2019

Улыкбек Дауренов

18 Jul 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Құрметті, Талғат Сейтжанұлы!
Мен Жалпы медицина мектебінің 3-курс студенті Дауренов Улыкбек келесі сұрақтарға жауап беруіңізді өтінемін.
1.Мен «Академиялық байланыс» арқылы Астана медицина университетіне 6 ай көлемінде(1семестр) білім алмасып,білім алуға ауысқым келеді.Бұл үшін қандай критерийге сай болуым керек және қай курста ауысуыма болады?Қандай құжаттар қажет болады?
2.Естуімізше 2018-жылғы реформа бойынша Жалпы медицина мамандығында оқу ұзақтығы 6 жыл (4+2) болып ауысыпты.Бұл өзгеріс қаншалықты рас және қай жылы түскен студенттерге тиісті?

 

Ответ:

Бірінші сұраққа жауап.

ҚеАҚ «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің» білім алушылары академиялық ұтқырлықты С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ережесіне сәйкес іске асыралады.

Сіз, АҚ «Астана Медициналық университетіне» академиялық ұтқырлыққа бара аласыз.

Алайда, екі университеттің (ҚазҰМУ және АМУ) жұмыс оқу бағдарламасында айырмашылығы болуына байланысты, академиялық айырмашылықтарды 2019-2020 оқу жылының жазғы ақылы семестрінде өтеп жоя аласыз. Толық мәлімет алу үшін, сіз Жалпы медицина мектебінің деканатына келеңіз.

Екінші сұраққа жауап.

2019-2020 оқу жылында Қазақстанның барлық медициналық ЖОО-да жаңа білім стандартына «Медицина» білім бағдарлама бойынша мамандық дайындауда енгізулер жүргізуде. Осыған орай, медициналық үздіксіз дайындық базаларда 6 жылдық және 3 жыл резидентурада белгілі мамандық бойынша оқутылар қатастырылуда.

 






Алибек Муратов

08 Jul 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Здравствуйте уважаемый ректор. У меня такой вопрос. Есть ли у меня
шанс поступить в ваш университет с 125 баллами в факульт общей
медицины. У меня мечта стать хирургом.
Я живу в сельской местности. И у меня «алтын белгі». Какие у меня
шансы. Если нет, то можно ли сделать перевод с другого вуза к вам.
Заранее спасибо.

 

Ответ:

Здравствуйте!

Образовательные гранты за счет средств республиканского бюджета присуждаются на конкурсной основе по конкретным группам образовательных программ, языковым отделениям и форме обучения в соответствии с баллами сертификатов ЕНТ согласно очередности групп образовательных программ, заявленных поступающими. Из госзаказа 30% выделяется школьникам, окончившим сельские школы. Баллы на сельскую квоту не прибавляются!

В случае равенства баллов Вы, как  лицо, награжденное знаком «Алтын белгі», являетесь обладателем преимущественного права.

Полупроходные баллы конкурса будут известны после его проведения, результаты которого будут опубликованы в СМИ.

В заявлении на конкурс есть возможность выбора до четырех групп образовательных программ при совпадении профильных предметов.

Согласно пункту 17. Инструктивного письма Министерства образования и науки РК № 14-3/977 от 15.07.2019. Перевод студентов из других вузов в национальный вуз осуществляется при условии доплаты обучающимся разницы стоимости образовательного гранта.

Если у вас остались вопросы, обращайтесь в Приемную комиссию по тел. 338-70-27.






Акжайык Утешева

08 Jul 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Сәламатсызба!
Мен Орал обласынан, ауылдық жерден шыққанмын. ЕНТ 117 балл алдым.
Алтын белгі иегерімін. Сұрағым: Психометрикалық тест үшін документті
қайда тапсыруым керек. Орал қаласында қай жерге тапсыра аламын?
117Баллмен сіздің оқу орынына тапсыра аламын ба?

Ответ:

Қайырлы күн!

Психометриялық емтиханды Қазақстан Республикасындағы кез келген МЕДИЦИНАЛЫҚ жоғары оқу орындарында және медициналық факультеттері бар жоғары оқу орындарында тапсыруға болады.  Орал қаласында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде тапсыраласыз.

ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру КОНКУРСЫНА қатысуға және (немесе) ұлттық ЖЖОКБҰ-ға ақылы оқуға ниет білдіргендер, ҰБТ нәтижесі бойынша – «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.






Жансая Кибаш

03 Jul 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Сәлеметсіз бе? Менің есімім Жансая. 2019 жылғы Жас Түлекпін. Ұбт дан 123 бал жинадым және қызыл атестат пен (с отличием) бітірдім. Және ауылдан шыққанмын, сол үшін Ұбт ны ауданда тапсырдым.. Менің білгім келетіні, менің арманым КазҰМУ ға Жалпы Медицина мамандығына граптқа оқуға түсу, енді сұрағым менің алған 123 балыма сельский квотаның балы және қызыл атестатың балы қосылады ма мен грантқа түсе аламын ба? Және мен окуға түсу үшін психометрия тест тапсыруым керек екен. Ал мен ол үшін яғни тесттан өтуге заявление жазу үшін Астана<а баруым керек екен. Ал менің ауылым өье алыста. Соның бір амалы бар ма?

 

Ответ:

Қайырлы күн Жансая!

Ауылдық мектептерді бітірген оқушылар үшін мемлекеттік гранттың  30%  бөлініп, конкурс жүргізіледі. Ауылдық квотаға балл қосылмайды.

2018 жылғы 31 қазандағы № 600 ҚР БжҒМ бұйрығымен  (ҚР БжҒМ 14.06.2019 жылғы № 269 бұйрығымен бекітілген өзгерістер) бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде» жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларының келесі топтары:

  • «Жалпы медицина»
  • «Педиатрия»
  • «Стоматология»
  • «Мейірбике ісі»

бойынша оқуға түсу үшін екі емтихан тапсыру керек:

1) психометриялық тестілеу түрінде арнайы емтихан;

2) Бірыңғай Ұлттық Тестілеу (ҰБТ).

2019 жылдың 20 маусымы мен  7 шілдесі аралығында психометриялық емтиханнан өту үшін өтініштер қабылданады. Психометриялық емтиханды Қазақстан Республикасындағы кез келген МЕДИЦИНАЛЫҚ жоғары оқу орындарында және медициналық факультеттері бар жоғары оқу орындарында тапсыруға болады. Психометриялық тестілеу тапсыру үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

  • жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
  • 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • ҰБТсертификаты (бар болса);

Психометриялық емтихан 2019 жыдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Арнаулы емтихан «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» деген нысанда бағаланады.

Психометриялық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдайтын оқу орына ұсыну үшін ведомосынан үзінді беріледі.

Күнтізбелік жылда психометриялық тестілеуді қайта тапсыруға  РҰҚСАТ БЕРІЛМЕЙДІ.

 






Даниял Байдулла

02 Jul 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Сәлеметсізбе! Сізден сұрайын дегенім универге түсу үшін міндетті түрде жалпылама психометриялық емтихан тапсыру керек пе? 108 баллмен грант иегері бола аламын ба?

Ответ:

Қайырлы күн!

2018 жылғы 31 қазандағы № 600 ҚР БжҒМ бұйрығымен  (ҚР БжҒМ 14.06.2019 жылғы № 269 бұйрығымен бекітілген өзгерістер) бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде» жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларының келесі топтары:

  • «Жалпы медицина»
  • «Педиатрия»
  • «Стоматология»
  • «Мейірбике ісі»

бойынша оқуға түсу үшін екі емтихан тапсыру керек:

1) психометриялық тестілеу түрінде арнайы емтихан;

2) Бірыңғай Ұлттық Тестілеу (ҰБТ).

2019 жылдың 20 маусымы мен  7 шілдесі аралығында психометриялық емтиханнан өту үшін өтініштер қабылданады.

Психометриялық емтиханды Қазақстан Республикасындағы кез келген МЕДИЦИНАЛЫҚ жоғары оқу орындарында және медициналық факультеттері бар жоғары оқу орындарында тапсыруға болады.

Психометриялық тестілеу тапсыру үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

  • жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
  • 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • ҰБТсертификаты (бар болса);

Психометриялық емтихан 2019 жыдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Арнаулы емтихан «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» деген нысанда бағаланады.

Психометриялық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдайтын оқу орына ұсыну үшін ведомосынан үзінді беріледі.

Күнтізбелік жылда психометриялық тестілеуді қайта тапсыруға  РҰҚСАТ БЕРІЛМЕЙДІ.

ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру КОНКУРСЫНА қатысуға және (немесе) ұлттық ЖЖОКБҰ-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, ҰБТ нәтижесі бойынша – «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.