Июнь 2017 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за June, 2017

Ерзат Ермекбай

30 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Сәлеметсізбе! Мен Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің 6 курс ВОП факультетінің интернімін, 7 курсты сіздің университеттерінізде оқуды жоспарлап отырмын ауысуға қандай шарттар және құжаттар қажет?Ақылы негізінде қазақ бөлімінде оқимын.

Ответ:

Құрметті Ерзат Ермекбай!

С. Ж Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ «2016-2017 оқу жылына оқу үрдісін ұйымдастыру Ережесіне» сәйкес 6 курстан 7 курсқа ауысу үшін GPA балы-3,0 болу керек(бұйрықтың көшірмесі);  басқа ЖОО ауысқандар  ҰБТ балы 80 төмен  болмау  керек(сертификат көшірмесі); Оқу бағдарламасы бойынша айырмашылық 5 пәннен аспау керек (транскрипт бойынша есептеледі).Егер қабылданған жағдайда төмендегі көрсетілген құжаттарды  тапсырасыз:

1.Университет ректорының атына жазылған өтініш;

2.Медицина бакалаврының дипломы және дипломның қосымшасы (транскрипт) (тұпнұсқасы,көшірмесі);

3.-3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

  1. Жеке куәлік(көшірмесі)
  2. Флюрография

Бакытжамал Бейсекпаева

30 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:
Салематсыз ба! Менин балам, осы жылы ЕНТ тапсырып 79 бал алды,енди кужаттарын сиздин КАЗНМУ га ,стомотология  мамандыгы бойынша  тапсырайын десек,профильди предметтерден 15 балдан кем болмау керек дейди, бизде биология 26 бал,химиядан 12 бал,енди не истеримизди билмей отырмыз.Акыл кенес беринизши.Мумкун сиздерде бир озгеристер болып калама,соны билеин деп едим.

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін жоғары аталған баллдарға ие болу абзал. Таңдау пәндерінің біреуінен көрсетілген баллдардан кем жинасаңыз, сізде тамыз айында қайтадан Кешенді Тест өтуге мүмкіндігіңіз бар, алайда ол тест нәтижелері бойынша сіз ақылы бөлімге ғана қабылдана аласыз.
Қабылдау ережелерін Білім беру және Ғылым министрлігі бекітеді, егер ол ережелерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, таңдау пәндер бойынша табалдырық баллдары төмендетілсе, сізде конкурсқа қатысуға мүмкіндік болады. Ережелерге өзгертулер енгізу біздің құзіреттілігімізге жатпайды. 

Базарбекова Еркежан

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:
Салеметсиз ба?Мен 2017 жылдын тулегимин,Убтдан 102 балл алдым.Биология жане химия пандерин тандадым.Сурайн дегеним жалпы медицина факультетине тусе аламын ба

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина», «Фармация» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілеріқабылданады. Білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін жоғары аталған баллдарға ие болу абзал. Оқуға түсу-түспеуіңіздің мәселесі конкурс кезінде шешіледі.

Жазира Кулжанова

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
2017-2018 жж оку акысы неше? Жалпы медицина

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017-2018  оқу жылына оқудың төлемақы көлемі әзірге белгісіз. Былтыр «Жалпы медицина» мамандығының оқу төлемақысы 847000 құраған болатын.

Айдана Бақытжанқызы

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сəлеметсіздерме?Мен 2017 жылғы мектеп түлегімін!Сіздердің универлеріңізге түскім келеді.ҰБТ -ны жаңа формат бойынша тапсырып 140баллдың 105жинадым?Осы Универге грантка түсуге мүмкіндігім бар ма?рахмет

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.