Ноябрь 2015 - Страница 6 из 20 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за November, 2015

Еңлік Асқар

16 Nov 2015  |  Опубликовано в Благодарность

Құрметті Айқан Ақанұлы! Мен сіздің блогыңызды үнемі оқып отырамын. Күндердің бір күнінде көптеген анонимді хат иелерінің жалпы медицина факультетінің деканы, м.ғ.д., профессор, ұлағатты ұстаз Рахима Тәжібайқызы және декан орынбасарлары Сәуле Хибатуллақызы мен Гүлжан Нұрқапызқызының мекен жайларына кір келтіретін айып тағып, сонымен қатар оқу үрдісіне деген наразылықтарын білдіріп, жазған хаттарына тап болдым. Бұл хаттарды жай оқып өте алмадым, тіптен адамның ызасын келтіретін жай екен. Мен осы факультетті 2 жыл бұрын тамамдап, қазіргі таңда университетіміздің 7-курс студентімін. Бұл кісілердің тарапынан дәл осындай жағдайды бұрын соңды естімегенде, көрмегенде, оқымағанда едім. Факультет деканына қандай мәселе болса да еркін ойымызды жеткізіп, қажетті сұрағымызға жауабымызды алатынбыз, әр студентті тыңдап, ақыл кеңесін айтудан тайынған емес. Барлығы адам болғаннан кейін, шаршайды, кейде мазасы болмай отыратын кездері де болады, сондықтан үнемі сұраққа жауап алмаймыз, дөрекі мінез көрсетіп қуып шығады деген сөздермен келіспеймін. Бір курста 500-700 ден артық студент бар, олардың барлығын бір уақытта, бір күнде қабылдауға мүмкіндік болмайды ғой, себебі біз көппіз, олар жалғыз. Сол себепті әр топта староста бар, деканат пен студент арасын қосып, әр түрлі мәселені шешуге қатысатын. Бұлай айтатын себебім бұл факультетте, 5 жыл көлемінде топ, 3 жыл көлемінде лек старостасы қызметін атқарғанмын. Әрине әр жыл сайын жатақхана мәселесі өзекті болатын,барлығымыз кезекті күтіп, сабырлық танытып тіптен болмаса, амал жоқ көнетінбіз. Бұл студенттердің жағдайын толығымен түсінемін, әрине ашу-ызамен жазған болар, дегенмен әр нәрсенің орны бар. Біреуге жала жауып, атына кір келтіріп, мұратқа жетпейсіздер! Қазіргі уақытта студенттердің оқу барысында, көптеген жеңілдіктер қарастырылған сияқты. Себебі, бұрынғы кезде сабақ кестесі бойынша таңғы уақытта да, түстен кейін де, дәріспен қоса, күніне 3 түрлі сабақ болатын, және жазғы демалысқа бізде шілде айының орта шеңіне дейін, жыл көлемінде оқыған пәндерді барлығын жинап тапсыратын едік. Ал қазір болса бір пәнді оқып, бірден емтихан тапсырып жатырсыздар. Бұл деген оқу барысындағы керемет жеңілдік емес пе? Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті еліміздегі жоғарғы оқу орындарының ішінде жетекші Университеттердің бірі, медицинаның «Қара шаңырағы». Медицина оңайшылықпен меңгеретін мамандықтар қатарында емес. Заман талабына сай, жоғары мамандандырылған дәрігер боламын десеңіздер, оқудың суығына да ыстығына да шыдау қажетсіздер деп ойлаймын!






5 курс студенттер

16 Nov 2015  |  Опубликовано в Вопрос

Құрметті Айкан Аканович! Бізге Организация работы ВОП сабағынан Мендалиев Нурбол Асхатович ағай берді. Ол кісінің ешқандай сабақ беру тәсілі жоқ. Сабаққа әрқашан бірнеше сағатқа кешігіп келіп. Бізді кемсітумен болды. Өзін жоғарғы ақылды санап, бізге үйретіп, білім бере алмады. Онымен қоса төмен бағалар қойып отырды. Не себепті жас оқытушы бірден сабақ берілуге қояды? неге ол оқытушыны бірінші қадағаламасқа. Өзге пәндерден алған білімімізді жоққа шығарып отыратын ондай оқытушының қажеті қанша? Ол төмен қойып отырса жақсы білім беріп жатыр деп ойлайтын болуы керек жоғарыдағылар. Біздің сабағымыз ешқандай білім алусыз, бос өтті. Соңғы уақыттары бәрібір қоятын бағасы бір ғой деп оқымадық та.
5 курс студенттері.






Софья Исенова (в девичестве Клышбаева)

16 Nov 2015  |  Опубликовано в Вопрос

Доброго времени суток! В связи с выходом на пенсию по возрасту и имеющимися разночтениями в имени при выдаче диплома с удостоверением личности, прошу Вас подтвердить моё обучение в Алмаатинском государственном институте, периоды обучения с 01.09.1976 года по 30.06.1981 года , по специальности фармация, квалификация провизор и выдачу диплома серии ЖВ № 236139, регистрационный № 114 от 30.06.1981 года на имя Клышбаевой Софии Шайзадиновны.Контактные телефоны:, 8 717 2 350710, моб. 8 7015287088,ответ прошу направить по адресу: 010010 г.Астана,ул.Беимбета Майлина, дом 15,ТОО «АФ КФК «Медсервис плюс», заведующей складом Исеновой С.Ш.






Акерке Амангелди

16 Nov 2015  |  Опубликовано в Благодарность

Талапты жастың арманы,білімнің биік заңғары.
Сырын ашып ғылымның,Авиценадай дараның,
Жанға дауа кәсіптің,іргетасын қалаған,
Дарабозы елімнің-Асфендиярдың Санжары.
Қазақтың ҚАЗҰМУ мақтаны,ел үмітін ақтады,
Ескеріліп еңбегі,Қызыл ту орден таққаны,
2001-дің жазында,мәртебе алып ұлттық,
Егеменді елімде,арайлап атты ақ таңы.
ҚАЗҰМУ ды басқарған Ақановтың Айқаны,
Ақ халатты абзал жан-ісінің майталманы.
Білім нәрін сусындап,талай шәкірт түледі,
Ғалымдардың төресі Шармановтай ағаны,
Төрткүл дүние біледі.
Оқу орыны өсірген талай тарлан дарынды,
Академигі қазақтың шипагері қарымды.
Балалардың дәрігері Ормантаев ағамыз,
Елге сыйлы бүгінде КазҰМУ-дың ғалымы.

Қанатын кеңге жайған білім ордам,
17 елдің таңдауы саған қонған.
Өзін-өзі басқарған жастарың бар,
Дертке шипа, еліне болар қорған.
Бойыңыз болса дағы сұлу мүсін,
Ерекше сән береді маржан тісің.
Тіс әдемі әрі сау болу үшін,
Абыроймен атқарам дәрігер ісін.
Қазығұрттың етегінде туғанмын,
Мамандықпен әке жолын қуғанмын.
Стомфакты ойдағыдай бітіріп,
Тіс емдеуге белді бекем буғанмын.
Бақанайдай ұстаздың шәкіртнің бірімін,
Есімім менің Ақерке Уалиханның қызымын.
Білім алып ұстаздан боламын менде дәрігер,
Дертке дауа іздеумен болып жүрген әбігер!






Қалампыр Тәуенова

16 Nov 2015  |  Опубликовано в Без рубрики

Вопрос:

Сәлемесізбе! Мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ – нің 5курс студентімін. Интернатураны осы сіздің оқу орнынан өтуіме болама?Осы университетке өту үшін оқу үлгерімі және GPA балға қарай ма? Менің қазіргі 4 жылдық орташа GPA балым 2.90 болып тұр, түсуге мүмкіндігім барма? Ақылы түрде оқимын. Егерде интернатура мамандығын сіздерден тандағанда, мысалға мен хирургия жағын таңдағанда GPA балым жетпей, сүхбаттасу немесе тесттен жалпы тандаған интерн мамандығыма түсе алмаған жағдайда мен интернатура басқа мамандық пен жалғастыра аламын ба? немесе интернатура оқи алмай қалып кетемін бе? осы жағына нақтырақ жауап беруінізді сұраймын. Жауабынызға Алғыс білдірем!!!

Ответ:

Құрметті Қалампыр !

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің интернатурасында «Жалпы медицина» мамандығының бойынша таңдаған бағытыңызда (терапия, акушерия және гинекология, хирургия, педиатрия, жалпы тәжірибе дәрігері) оқи аласыз. Интернатураға қабылдау GPA балы 3,0 (В). Сондықтан 2,90 балмен сізді С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің интернатурасына қабылдамайды. Егер 5 курсты бітіріп, бакалавр дипломын алғанға дейін сіздің GPA балыңыз жоғарлап, жоғарыда аталған деңгейге жетіп жатса да, хирургия бағытына таңдауға сіздің GPA балыңыз жетпейді. Себебі бұл бағытта конкурсқа түсу үшін балыңыз жоғары болу керек. Бұл жағдайда сіз «Жалпы медицина» мамандығының бойынша басқа бағытты таңдай аласыз. Мысалы, жалпы тәжірибе дәрігері бағытын таңдауыңызға болады. Оқу ақылы түрде.

Интернатураға түсуге қажетті құжаттар тізімі, қабылдау мерзімі, қабылдау шарттары С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің сайтында (kaznmu.kz) жарияланған. Өтінішіңіз бен құжаттарыңызды қабылдау ережесінде көрсетілген уақытта тапсыра аласыз.