Июнь 2011 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за June, 2011

От абитуриента

24 Jun 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Ғабитжан Салық
Ассаламуғалейкум, Айқан Ақанұлы!

Мен биыл ҰБТ тапсырдым. Баллым — 118, орыс тілінсіз — 98. ЖОО-да гранқа түсу мүмкіндігі қандай? Қандай құжаттар тапсыру керек?

Мен Жалпы медицина факультетіне түскім келеді.

 

Жауап:

Құрметті Ғабитжан!

Біздің университеттегі қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына грантқа түсу үшін қабылдану балдары әр жылы әртүрлі болады. Биылғы жылдың балдары былтырғы жылмен сәйкес келмеуі мүмкін. Сол себепті Сізге қазір нақты жауап бере алмаймыз. Құжаттар толық қабылданған соң, конкурстық байқаудан кейін ғана грантқа түсе алатын балдар белгілі болады. Қосымша ақпаратты біздің университет сайтынан қарауыңызға болады.

От абитуриента

24 Jun 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Бекзат Нсанов
Ассалаумағалейкум! ҰБТ-дан 110 балл алдым. Орыс тілін есептемегенде 87 болады. Осы нәтижемен грантқа түсе аламын ба? Рахмет.

Ответ:

Құрметті Бекзат!

Біздің университетке грантқа түсетін балл әр жылы әртүрлі болады. Сондықтан дәл қазір алдын ала оны айту мүмкін емес. Сол себепті, Сіз өз құжаттарыңызды тапсырып болған соң ғана, конкурстық байқау негізінде ғана біле аласыз. Қосымша ақпаратты біздің сайттың «Абитуриент» бөлімінен алуға болады.

Учебный процесс

24 Jun 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Айболат Сейдилдаев

Саламатсыз ба, ректор мырза! Менің сұрағым: ақылы негізде хирург мамандығы бойынша оқу үшін жылына қанша теңге төлеу қажет?

Жауап:

Құрметті Айболат!

ҚазҰМУ-да ақылы білім алудың барлық шарттары мен төлемі туралы толық ақпаратты университет сайтының «Абитуриент» бөлімінен ала аласыздар.

От абитуриента

24 Jun 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Мөлдір Тасқара

Сәлеметсіз бе, Айқан Ақанұлы! Мен осы университетке қатты түскім келеді. Сізге қояр сұрағым: мен осы жылы мектеп бітіріп, ҰБТ тапсырдым. Орыс тілі пәнсіз 88 балл алдым. Мен жалпы медицина факультетіне грантқа түсуге балым жете ме?

Жауап:

Құрметті Мөлдір!

Біздің университетке грантқа түсетін-түспейтініңізді қазір айта алмаймыз. Себебі, әр жылы түсу баллы әртүрлі болады. Бұл құжаттарын тапсырған барлық абитуриенттердің балдарына байланысты. Сол себепті, Сіз өз құжаттарыңызды тапсырып болған соң ғана, конкурстық байқау қорытындысынан ғана біле аласыз. Қосымша ақпаратты біздің сайттың «Абитуриент» бөлімінен қарауыңызға болады.

Учебный процесс

24 Jun 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Эльдар Нарзуллаев

Сәлеметсіз бе! Мен жалпы медицина факультетінің 1 курс 024-1 тобының студенті боламын. Сізге қойғым келген сұрағым: Біз жазғы емтихандарды №2 корпуста (стекляшка) тапсыруымыз керек болатын еді, ал бірақ жөндеу жұмыстарына байланысты корпус жабылады екен, біз емтихандарды қай жерде тапсырамыз, тест орталығы басқа жерге көшіріле ме деген сұрақтарға жауап берсеңіз. Алдын ала үлкен РАХМЕТ!!!

Жауап:

Құрметті Эльдар!

№2 оқу ғимаратында жөндеу жүргізілетіндіктен, сіздердің емтихандарыңыз бірнеше күнге жылжытылады. Қазір оқу бөлімі емтихан кестесін әзірлеп, өтетін орнын нақтылап жатыр.