Сая Серік

05 Jan 2016  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Сәлеметсізбе? Менің білгім келгені мен қазір Алматыдағы Республикалық Медицина колледжінің 4-курс студентімін. Лабораторная диагностика мамандығы бойынша білім алудамын. Егер ҚазҰМУ-не Жалпы Медицина мамандығына тапсырсам нешінші курстан бастап қабылданамын? Колледждің дипломымен?

Ответ:

Құрметті Сая!

Сіз колледжден кейін С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де оқыңыз келсе, кешенді тест тапсыруыңыз қажет.

ҚазҰМУ Ұлттық жоғары оқу орны болғандықтан 4 пәннен 70 баллдан жоғары жинаған абитуриенттер конкурсқа қатыса алды. Мемлекеттік грант баллдары жыл сайын өзгеруде, ол таңдаған мамандығыңызға, бөлінген грант санына, конкурсқа өтініш берген талапкерлер санына және т.б. көрсеткіштерге байланысты өзгеріп отырады.

Кешенді тесті, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерден өткен жағдайда, «Жалпы медицина» факультетінің 1 курсына қабылданасыз.


_ _ _

Loading