Елік Бейбітхан

12 Oct 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Сәлеметсізбе Айкан Аканович сізден сұрайын дегенім, өткенде жыйналыстта айттыныз Магистрантураға қай елдін азаматы болсада қабылдаймыз дедіңіз бірақ биыл менің дакументтерімді Магистрантура бөлімінің меңгерушісі қабылдамады мен Монголияның қазағымын ыхтияр хатым бар 2016жылы маған ҚР азаматтығы автоматты түрде шығады себебі ыхтияр хатты 5 жылмен береді. КазНМУ ді бітіргем осында жұмыс жасаймын менің түсінбегенім мен алданып қалдымба? Бір жылым босқа кеттіма?

Ответ:

Құрметті Елік Бейбітхан !

Қабылдау комиссиясының Типтік ережесінің оқу үрдісіне сәйкес,жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес енгізілген өзгертулер (Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №109 Қаулысы2013.09.07. берілген өзгерістермен)«Әскери оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар егер осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, олар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады».

Жоғарыда атап көрсетілген өзгертулерге сәйкес, Сіз, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін мемлекеттік білім беру тапсырысына оқуға түсе аласыз.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін, ақылы бөліміне оқуға түсе аласыз.


_ _ _

Loading