Учебный процесс

13 Mar 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Шерхан Карибаев <i..love..girl@mail.ru>
Ассалаумалейкум Айкан Аканұлы стаматолг мамандығы бойыеша кем дегенде ҰБТ-дан канша бал алу керек

Жауап:

Құрметті Шерхан!

Біздің университеттегі «Стоматология» мамандығына грантқа түсу үшін қабылдану балдары әр жылы әртүрлі болады. Биылғы жылдың балдары былтырғы жылмен сәйкес келмеуі мүмкін. Сол себепті Сізге қазір нақты жауап бере алмаймыз. Құжаттар толық қабылданған соң, конкурстық байқаудан кейін ғана грантқа түсе алат         ын балдар белгілі болады. Білім гранттарының конкурсы  сертификаттағы балдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінде жүргізіледі. Егер грантқа іліге алмай қалған жағдайда Сіз ақылы түрде білім алуға құжаттарыңызды тапсыруыңызға болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 қаңтар 2012 жылғы №110 «Жоғары білім беру кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау ережелерін бекіту» қаулысына сәйкес, Ұлттық жоғары оқу орындарына  біріңғай Ұлттық тестілеу (БҰТ) немесе кешенді тестілеу нәтижесінде ең кемі 70 балл жинаған үміткерлер ғана ақылы түрде білім алу мүмкіншілігіне  ие бола алады. Сізге сәттілік тілейміз!


_ _ _

Комментарии закрыты.

Loading