Учебный процесс

11 Mar 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Назерке Ильясова

Саламатсызба Айкан ағай? Менің сізге қояар сұрағым мен оқушымын менің таңдау пәнім химия сіздердің уневерлеріңізде химия мамандығы бойынша фармацевтика немесе СЭС мамандықтары барма? бар болса қанша балмен грантқа түсуге болады? және де екі мамандық бойынша қанша жыл оқу? тағы бір сұрайтыным ағай оқу ақысы қанша?

Жауап:

Құрметті Назерке!

Сіздің жоғары білім алу үшін біздің университетті таңдағаныңыз бізді қуантады.

Егер бейіндік пән ретінде химия пәнін таңдасаңыз «Фармация» факультетіндегі келесі мамандықтарға түсе аласыз: Фармация және Фармация өндірістік технологиясы.  Ал санитарлық дәрігер дайындайтын факультетке құжат тапсырғыңыз келсе, бейіндік пән ретінде биологияны таңдауыңыз қажет.  Сіз сұрап тұрған мамандықтар бойынша  грантты ұтып ала аласыз ба, жоқ па біз алдын-ала айта алмаймыз, себебі грантты тағайындау бойынша конкурсты айқындайтын абитуриенттердің өздері. Нақты айтсақ, грантқа конкурс белгілі бір мамандыққа құжат тапсырған талапкерлердің саны мен олардың балдарына байланысты анықталады. Соған сәйкес мемлекеттік грантты жеңіп алуға конкурсқа құжаттарыңызды тапсыра аласыз. Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім саласындағы уәкілетті орган құратын Комиссия өткізеді. Сіздің хатыңызда көрсетілген мамандықтар үшін бакалавр 5 жылды құрайды.

Ал төлемақы жөнінде келесідей мәлімдеме: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – ұлттық статусқа ие еліміздегі бірден бір медициналық жоғарғы оқу орны. Сондықтан да біздің университеттегі оқу басқа медициналық жоғарғы оқу орындарынан біршама ерекшелігі бар.
Біздің университетте білім алып жатқан студенттер үшін биылғы 2011-2012          оқу жылына төленетін ақы көлемі – 770 000 (жеті жүз жетпіс  мың) теңге. Алдағы оқу жылына төленетін оқу ақысы белгісіз. Себебі, ол оқу үдерісіне кететін, студенттердің жатақханасына, университеттің тыныс-тіршілігі мен қызметі барысындағы басқа да шығындарға қатысты өзгереді. Сізге сәттілік тілейміз!

 


_ _ _

Комментарии закрыты.

Loading