Смағұл Ескендір - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Смағұл Ескендір

25 May 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос: Смағұл Ескендір
Ассалаума
ғалейкум, құрметті Айқан Ақанұлы! Мен сізге осыдан екі апта бұрын cіз басқарып отырған университеттегі оқытушылар құрамы туралы хат жолдаған болатынмын… Сізден ешқандай жауап та, қолданылған іс-шара туралы да ешқандай нәтиже жоқ… Соған қарағанда сіздің мына блогыңыз ашейін көзбояушылыққа ұқсайды. Мен сіздге шара қолданады деген үмітпен жазған едім, ешқандай да натиже жоқ… Баяғы аяқталмаған білімді азаматтар алі сайраңдап сабақ беріп жүр екен… Ғылым және білім министрлігіне хат жазуыма тура келетін сияқты, одан натиже ш
ы
қпаса Үкіметке дейін баруға дайынмын балаларымнын бәсекеге қабілетті білім алып шығулары үшін…

Ответ: Құрметті Ескендір Смағұл мырза!

Сіздің өткен жолы жазған бірінші хатыңызға жауап берілген болатын. Кафедраның штаттық кестесіне сәйкес қызметкерлердің біліктілігіне қатысты да мағлұмат толық жазылған.

Біз өз тарапымыздан қай оқытушыға қатысты әңгіме болғанын анықтау мақсатында сіздің балаларыңызбен әңгімелеспекші болдық. Бірақ, ешқай факультетте бұндай студенттер тіркелмегені анықталып отыр.

Алда тағы да осы мәселеге қатысты сұрақтар келіп түсетін болса, сіздің хатыңызды домалақ арыз деп есептеп, қарастырудан бас тартамыз.

Егер мен қателескен болсам, алдағы уақытта 10 күн ішінде менің қабылдауыма келуіңізді сұраймын. Әңгімеден бас тартқан жағдайда сіздің арыз хатыңызды орынсыз жазылған домалақ арыз деп табылатынын ескертеміз.


_ _ _

Loading