Салтанат Жуманова

04 Apr 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: От студента
Сәлеметсізбе! Мен ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 1 курс студенті едім. Сізге қояр сұрағым: КазНМУ ауысуға мүмкіндігім бар ма? Бар болса қандай шарттарды орындауым керек?

Ответ:

Құрметті Салтанат!

 

Білім алушыларды  басқа жоғарғы оқу орнынан ауыстыру  ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2008 жылдың 9 желтоқсанында шыққан № 638 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Жоғары  бiлiм беру орындарында бiлiм алушылардың қайта қабылдау және ауыстырудың тәртiбi туралы  ережесі»  бойынша қойылатын негізгі міндетті шарты кезекті академиялық кезеңнің оқу жұмыс жоспарының толық орындалуы және аралық аттестаттауды тапсырылуы қажет.

Басқа жоғарғы оқу орнына ауысу қысқы немесе жазғы емтихан сессиясынан кейінгі демалыс уақытында  іске асырылады. Сонымен қатар, оқу жоспарындағы пән айырмашылығы  міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаған жағдайда рұқсат етіледі.

Біздің университетке ауысу үшін, Сізге:  білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш бересіз  және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып,  С.Ж.Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ ректорына өтініш бересіз. Қабылдайтын ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса тіркелуі қажет: факультет деканы   қол қойған оқу карточкасы, оқу бөлімі (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының қолымен расталған, мөрмен бекітілген және кеңсе тіркеушісі қол қойған транскрипт; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер грант иегері болса); оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініш көшірмесі; факультет деканы  ұсынылған құжаттар негізінде жұмыс оқу жоспарының және оқу курсының міндетті компонентінің пәндеріндегі айырмашылықты анықтайды;

Сол себепті, Сізге оқу бағдарламасы бойынша  пән айырмашылығын   және   курсын анықтау  үшін    С.Ж. Асфендияров атындағы жалпы медицина факультеті деканатына   жолығуыңыз  қажет  (Алматы қаласы, Төле би көшесі 54, тел. (7272) 92 69 69 ішкі 135, 134).

Сонымен қатар, 2010 жылдан бастап Білім және Ғылым министрлігінің шарты бойынша  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне  қабылдау квотасы  бойынша барлық мамандықтарды қосқанда 1 курсқа жылына 1000 студент қабылданады. Сондықтан біздің  оқу орнына қабалдау ваканттық орындарға байланысты жүзеге асырылады.

 

 


_ _ _

Комментарии закрыты.

Loading