Поздравление - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Поздравление

13 Sep 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Қарлығаш Исаева

Құрметті Айқан Ақанұлы! Мен Сіз басқарып отырған оқу орнының 1995 жылғы педиатрия факультетінің түлегімін.Қазір Алматы қаласының №1 балалар емханасының бөлім меңгерушісімін.Университет сайтынан барлық өтіп жатқан шаралар, өзгерістермен толық таныспын десем арттық айтпаймын. Сүйікті оқу орнымызда қазіргі заман талабына сай кең ауқымды өзгерістердің енгізіліп жатқанына өте қуаныштымын. Сіздің басқаруыңызбен енгізіліп жатқан жаңалықтар оқу ордамыздың беделін арттырады, түлектеріміздің білімі әлемдік деңгейге сай болады деген үмітпен Сізге барлық бастамаларыңызда жетістік, оқытушылар тарапынан толық түсіністік және қолдау, өзіңізге және отбасыңызға денсаулық, бақыт тілеймін. Биылғы жаңа оқу жылы да жаңа жетістіктерімен бізді қуантатынына кәміл сенемін. Сізден оқу орнымыздың беделін көтеруде батыл шешімдерді күтемін. Барлық бастамаларыңызға АҚ ЖОЛ!


_ _ _

Loading