От студента - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

От студента

27 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Жанар Мусагулова

Cәлеметсіз бе, құрметті Айкан  Ақанұлы! Мен сіздерде 3-курс жалпы медицина факуьлтетін бітірдім. Мен келер оқу жылында жатақхана ала алам ба? Сабақ үлгерімім жақсы. Сосын сізден сурарым: университет ішінде шет елге оқып келуге квоталар бар ма? Бар болса қалай жеңіп алуға катысуға болады? Рахмет

Ответ:

Құрметті Жанар!

4 курста жатақхана негізінен әлеуметтік жағдайына қарап беріледі. Атап айтқанда, көп балалы жанұядан шыққан, жетім, мүгедек студенттерге және тұрмысы нашар студенттерге қарастырылған. Бұл жағдайларда қажетті құжаттар толық тапсырылуы керек. Құжаттар тізімін деканаттан алуларыңызға болады. Жатақхана, сонымен қатар, сабақ үлгерімі өте жақсы студенттерге беріледі. Бұл жағдайда жатақхана орны өте шектеулі.

Екінші сұрағыңыз бойынша жауап беретін болсақ, бізде негізінен шетелде оқытуға квота бөлінбейді. Тек қана қысқамерзімді студенттермен алмасу бағдарламалары бар. Олармен сіз ҚазҰМУ сайтындағы Халықаралық ынтымақтастық бөлімінен таныса аласыз.


_ _ _

Loading