От студента - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

От студента

13 Mar 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Айдана Кенесханкызы <[email protected]>

Құрметті Айкан Аканович! мен КРМУда жалпы медицина факултетинин 4 курс студентимин. мемлекеттик грант бойынша окуга тустим, 4 жыл бойы тек гана уздик деген багага окыдым. жылда сиздердин ЖОО орынына ауысу туралы ойлаймын да, акыры шешим кабылдай алмай журдим, интернатурага сиздерге тусемин деп ойлайтынмын. алайда, интернатурага оту женил болу ушнин мумкин 5 курста ауысканым дуры шыгар?? сиздердин жоо.на ауысу ушин не истеум керек??? мен казир президенттик стипендия аламын, сиздердин ЖОО орнына ауысканда ол стипендия сакталады ма? грантп
ен сиздердин ЖОО на ауысу киын болмайды ма?? жауабынызды асыга кутемин. курметпен болашак студенттериниз

Жауап:

Құрметті Айдана! С.Ж.Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетіне «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға ауысқан жағдайда мемлекеттік грант бойынша оқу құқыңыз сақталады. Ол үшін сіз ҚРМУ-дің ректорына ҚазҰМУ-ға ауысуға рұқсат беруге өтініш жазасыз, өтінішіңізге қанағаттанарлық жауап алғаннан кейін біздің университетке келіп, менің атыма өтініш жазасыз. Сіздің өтінішіңіз бойынша сынақ кітапшаңыз немесе оқу үлгерімі туралы ҚРМУ-дан алған анықтамаңыздың негізінде оқу бағдарламасының сағат және пән айырмашылығын салыстырылады, егер пән айырмашылығы 5 пәннен аспаса, GPA-балыңыз курстан курсқа көшіру балына сай келсе, сіздің өтінішіңізге қол қойылады. Осы рәсімнен кейін ғана сіз ҚазҰМУ-дің ресми түрде талап еткен құжаттарын бір аптаның ішінде жеткізуіңіз керек. Пән айрымашылығы болған жағдайда сіз осы айырмашылықтарды бұйрықта көрсетілген мерзімге дейін ақылы түрде өтейсіз. Тек содан кейін ғана сізге соңғы семестрдегі бағаларыңыз және оқу бағдарламасының айырмашылығына сәйкес тапсырған пәндердің  бағаларына сәйкес стипендия тағайындайды. Егер барлық пәндерден үздік деген бағаларыңыз болса, сізге үздік стипендия тағайындалады. Президенттік стипендияңыз сақталмайды, себебі сізді призеденттік стипендияға бұрынғы оқу орны ұсынған. Ал президенттік стипендияға ұсыну үшін оқу орнының өзіндік өлшемдері (критерий) бар, сіз біздің университетке жаңадан ауысып келіп жатқандықтан ол өлшемдер талабына жауап бере алмайсыз.

Басқа ЖОО-дан ауысу қысқы немесе жазғы оқу демалысы кезінде жүзеге асырылады.

Сіз біздің университетке 4 курс немесе 5 курстан кейін ауыссаңызда интернатураға қабылдау талаптары ауыспайды, сіз барлық студенттер қатарлы интернатураға түсу үшін  біздің ЖОО белгілеген қабылдау сынағынан өтесіз.

 


_ _ _

Loading