От абитуриента

04 Aug 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

— Вопрос ректору

От: Алтынай Мажитова <>

Сәлеметсіз бе, құрметті Айқан Ақанұлы! Мен осы жылы, яғни 2011 жылғы мектеп бітіруші талапкерімін. Мен сіздің университетке грантка құжаттарымды тапсырған едім. Әлі жауабы келмесе де, өзімнің шын жүректен қалаған мамандығыма грантка түсе алмасам деген ой маза бермейді. Мен орыс тілін санамағанда 88 ұпай жинадым және аттестатымнын орташа баллы 4,8. Осындай нәтижемен стамотология бөліміне грантқа түсе аламын ба, әлде үміттеніп қажеті жоқ па? Алтын уақытынызды бөліп жауап беріп жатқаныңызға алдын ала үлкен рахмет! Сіздін жауабынызды асыға Ð

�үтудемін!

 

Ответ:

Құрметті Алтынай!

Өкінішке орай, конкурстың нәтижесін мен де білмеймін. Өйткені балдар енді есептеліп жатыр. Конкурс қорытындысы 10 тамыздан кейін ғана белгілі болады. Тапсырған талапкерлер саны өте көп. Олардың барлығын есептеп, нәтижесін шығаруға біршама уақыт керек. Сонымен қатар белгілі ереже бар. Сол талапқа барлығымыз бағынуымыз керек. Сіздің мазасыздығыңызды түсінгеніммен, дәл қазір ештеңе айта алмаймын. Жолыңыз болып, өз қалаған мамандығыңызға түсіп кетуіңізді тілеймін.

 

 


_ _ _

Комментарии закрыты.

Loading