Назым Карибаева

06 Apr 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Салеметсізбе, курметті, Айкан Аканович! менің сізге қояр сүрақтарым келесі еді: 1. жоғарылатылған ректор атындағы немесе президент атындағы стипендия алу үшін қандай көрсеткіштер керек? қанша семестрді 5-пен аяқтау қажет? 2. мен оқуға түскен кезде ауыл квотасымен түскен едім. есімде қалуынша келісімшартқа қол қойғанда біз ауылда кемінде 3 жыл қызмет жасауымыз керек еді.. ол жүмысқа бізді, оқуды бітірген, соң университет жібере ма? қалада қызмет жасауға мүмкіндік бола ма? болса қандай жағдайларда? жауабыңызға алдын ала рахмет!

Ответ:

Құрметті Назым!

Біріншіден – Президент немесе ректордың атандағы жоғарылатылған стипендия алу үшін бірінші курсатн бастап оқыған барлық пәндерден үздік деген бағаларыңыз болу керек, сонымен қатар университет және факультет көлемінде қоғамдық жұмыстар атқаруыңыз қажет және ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар қатысып, жүлделі орындар алған туралы дипломдар мен сертификаттар болуы шарт. Осындай жетістіктеріңіз болғанның өзінде, сізбен қатар тағы бірнеше студент аталған стипедияға үміткер болуы мүмкі, олардың арасында конкурс болады. Ішінен ең лайықты деп табылғандарына аталған стипендия тағайындалады.

Екіншіден – ауылдық квота бойынша сіз оқуыңызды аяқтап, қолынызға тиісті құжаттарыңызды алғаннан кейін, университет сізді квота алған аймаққа 3 жылға жұмысқа жібереді.

 


_ _ _

Комментарии закрыты.

Loading