Жасулан Турлыбек

30 May 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Сәлеметсізбе Айқын Айқынович.Менім сұрағым келесі мен Астана қаласындағы медициналық институтында 2-курс (грант) студентімін.Отбасымның жағдайы бойынша әкем 2-ші топтағы мүгедек және  анам зейнеткер.Мемлекеттік грантымды сақтай отырып Алматы қаласындаы Асфендияров атындағы медициналық институтына ауысымның қандай жолдары бар.Осы қалада  туған тәтем тұруына байланысты.Үлкен үмітпен хат жолдап отырмын.1- курстан 2-курсқа дейін сессиядағы тапсырған емтихан барлығы бестік.

Ответ:

Құрметті  Жасулан Турлыбек! 

 

Білім алушыларды  басқа жоғарғы оқу орнынан ауыстыру  ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2008 жылдың 9 желтоқсанында шыққан № 638 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).

Басқа жоғарғы оқу орнына ауысу қысқы немесе жазғы емтихан сессиясынан кейінгі демалыс уақытында  іске асырылады. Сонымен қатар, оқу жоспарындағы пән айырмашылығы  міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаған жағдайда рұқсат етіледі.

Біздің университетке ауысу үшін, Сізге:  білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш бересіз  және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып,  С.Ж.Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ ректорына өтініш,  құжаттардың көшірмелері қоса тіркелуі қажет: факультет деканы   қол қойған оқу карточкасы, оқу бөлімі (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының қолымен расталған, мөрмен бекітілген және кеңсе тіркеушісі қол қойған транскрипт; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер грант иегері болса); оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініш көшірмесі. Сонымен қатар,  сізді біздің  оқу орнына қабалдау ваканттық орындарға байланысты жүзеге асырылады.

Сізге оқу бағдарламасы бойынша  пән айырмашылығын   және   курсын анықтай   үшін С.Ж. Асфендияров атындағы жалпы медицина факультеті деканатына   жолығуыңыз  қажет  (Алматы қаласы, Төле би көшесі 54, тел. (7272) 92 69 69 ішкі 135, 134).

 

 

 

 

Поисковые слова:

  • грант иегерлері 2012
  • грант иегерлерінің тізімі 2012
  • грант иегерлерінің тізімі 2013

_ _ _

Комментарии закрыты.

Loading