Ескендір Смағұл

25 May 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос: Ескендір Смағұл
Ассалаумағалейкум, құрметті Айқан Ақанович! Мен, Ескендір Смағұл, Алматы қаласының тұрғынымын. Менің бір ұл, бір қызым сіздердің университеттеріңізде оқиды. Менің сұрағым оқу процесіне қатысты: сіздердің университеттеріңізде бакалаврды бітіріп, сабақ беретін мұғалімдер бар екен, бұл біздің \\\»Білім және ғылым туралы» Заңына қарама-қайшылық емес пе? Біз балаларымыздың кәсіби маманданған мұғалімнен білім алғанын қалаймыз! Менің қызымның айтуынша, оқу процесінде \\\»Экономикалық теория\\\» пәнінен жәй ғана бакалаврды бітірген, мамандығы экономист та емес мұғалім сабақ береді екен. Бұл сонда Қазақстандағы кәсіби мамандардың жеткіліксіздігі ме? Әрине, олай емес, қазір Қазақстанда кәсіби маманданған адамдар толып жүр жұмыссыз. Дәл осы сұраққа жақын арада шара қолданып, әсіресе, \\\»Экономикалық теория\\\» кафедрасының оқытушылар құрамын тексеруіңізді сұраймын. Себебі, еліміздің әрбір азаматы экономикалық сауатты болуы керек. Болмаса, Білім және ғылым министрлігіне жазуға мәжбүрмін.

Ответ: Қымбатты, Ескендір мырза!
Денсаулық сақтау ісіндегі экономика кафедрасының мамандарына қатысты қойылған сұрақ орынсыз болып табылады. Себебі, кафедра қызметкерлерінің барлығы – экономика саласының мамандары және олардың басым бөлігі экономика ғылымдарының кандидаты мен магистрлік дәрежесі бар мамандар. Атап айтсақ, Денсаулық сақтау ісіндегі экономика кафедрасында 10 оқытушы қызмет етеді. Оның үшеуі – ғылым кандидаты, үшеуі – магистр, төртеуі – экономика маманы. Яғни, экономика теориясы пәнінен беретін оқытушы бакалавр болуы мүмкін емес.
ҚазҰМУ өзінің имиджі мен беделіне, студенттерге білім беру жүйесіне аса мән бергендіктен, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілік деңгейі мен ғылыми дәрежесіне де аса мән береді.


_ _ _

Комментарии закрыты.

Loading