Даулет Аблязов - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Даулет Аблязов

12 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:
Оқу бағасы өте Қымбат ! Қазақ жастары үшін мүлдем қол жетімсіз !Айта кетерлігі Қабылдау бөліміндегі жүйкесі жұқарған адамдарды ауыстырыңызшы сондай ашуланшақ және абитурентпен ұрсысуға дайын! Мен бұл Университет арманым еді бірақ өкінішке орай түсе алмайды екем ! Оқыңызшы осыны және жауап  немесе нәтиже шығарыңызшы ?!

Ответ:

Сәлеметсіз бе, құрметті Даулет Аблязов!

Егер Сіз Қазақстан Республикасының азаматы немесе шетел азаматы — ұлтыңыз қазақ болып табылып, мектеп немесе колледж түлегі болсаңыз, сіздің ақысыз бөлімге (мемлекеттік білім гранты бойынша) конкурсқа түсуге толық құқығыңыз бар. Ол үшін сізде осы 2017 жылы өтілген Бірыңғай Ұлттық тестілеу немесе Кешенді тестілеу нәтижелерінің (65 баллдан жоғары) сертификаты болуы керек.

Кешенді тестілеу колледж түлектері, өткен жылдардағы мектеп бітірушілер, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш 1 маусым мен 20 маусым аралығында қабылданады.

Оқу төлемақысының көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Ұлттық» статусқа ие болғандықтан басқа ЖОО қарағанда оқу төлемақысы жоғары.

Сізбен орын алған жайт үшін кешірім сұраймыз. Қабылдау комиссиясының хатшыларымен әңгіме жүргізілді. Басқа сұрақтарыңыз болса, мына телефондар арқылы хабарласуыңызға немесе Қабылдау комиссиясына келіп сұрауыңызға болады: 338-70-27, 338-70-95.


_ _ _

Loading