Аzar univeria

11 Nov 2016  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсізбе  Нургул  Калиевна. Тәуелсіздіктің  25  жылдығына  орай  берілетін  марапаттардың  ішіне  неге  университеттің  басқа  қызметкерлері  кірмейді,  тек  ППС  құрамы.  Осы  университетте  10 жылдан  аса  қызмет  аткарған  адамдар  марапатталмайды. Кафедра  меңгерушілері  каф.лаборанттарын  неге  ұсынбайды, оларға  болмайма? Сендер  лаборантсындар  болмайды  деп  зав.каф.списокка  қоспайды. Бұл  дұрыспа?

Ответ:

Құрметті ҚазҰМУ қызметкері!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты марапаттарға кандидатураларды ұсыну бойынша қызметтік хат ҚазҰМУ барлық қызметкерлеріне жіберілген болатын. Марапаттарға профессорлар және оқытушылар құрамымен қатар, университеттің қызметкерлері, соның ішінде лаборанттар да үміткер ретінде құжат тапсыруға құқылы болды. ҚазҰМУ марапаттау комиссиясы құжаттарды берген қызметкерлердің кандидатураларын қарастырды.

Алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, құрылымдық бөлімшелерде ұжымдарыңызбен бірлесіп ҚазҰМУ марапаттарына ұсынылатын кандидатураларды талқылап, талқылау нәтижелері бойынша талаптарға сәйкес марапаттау құжаттарын дайындап, Марапаттау комиссиясына тапсырсаңыз болады.


_ _ _

Комментарии закрыты.

Loading