Айнур Юсипбаева

19 Sep 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсіз бе, құрметті Талғат Сейітжанұлы!
Менің қызым «Жалпы медицина» факультетінің ақылы бөлімінің 1 курс студенті (мектепті үздік аттестатпен бітірген).
Үйде тек әкесі ғана жұмыс істейді. Балам инвалид (Онкологиялық ауру).
Университеттің сайтынан мына хабарландыруды оқыдық.
«Білім алушыларға әлеуметтік көмек беру туралы» С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  Ережесіне сәйкес  2017-2018 оқу жылында төлемақыға байланысты жеңілдіктер және материалдық көмек алу үшін комиссияның қарауына құжаттарды өткізу туралы. Құжаттарды ос комиссияның қарауына өткізе  аламыз ба? Тағы қандай жәрдем қарастырылған.
Рахмет

 

Ответ:

Құрметті ата-ана! С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының 15.03.2017 жылғы №119 бұйрығымен бекітілген «Білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету ережесінің» 7.4 тармағы бойынша студенттердің оқу төлем-ақысына жеңілдік тек бірінші курсты аяқтаған студенттерге ғана көрсетіледі.

 


_ _ _

Комментарии закрыты.

Loading