«Екі жұлдыз» вокалдық ретро-ән байқауының 3-туры ақтық кезеңі




15.04.2013

Сәуірдің 11-і күні 2013ж. ЖМ 12 – 004, 009, СД-003 топ студенттері және тьютор аға оқытушы Ерназарова С.Т., Мадалиева С.Х., Давлетбакова А.Ш.-мен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің мәдени іс-шараларды қолдау аясында, тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен, қалыптасқан дәстүрлі мерекелік шараның бірі «Екі жұлдыз» вокалдық ретро-ән байқауының 3-турын «Concordia» театрында тамашалап қайтты. Жобада 16 жұп, 16 студент және осы уақытқа дейін сахнада кәсіби түрде ән айтпаған 16 ұстаз қатысқан. Өзіндік ерекшелегімен көрерменді тәнті етіп, көпшіліктің ықыласына бөленген бұл жобаның қатысушысы «коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология» кафедрасының тьютор аға оқытушыcы Ерназарова С.Т.-ның қолдауымен  ЖМ 12 – 004 топ студенті Орынбасар Шаттықтың өнерін тамашаладық. Қатысушылар тек жанды дауыспен ән айтқан.

Байқаудың ақтық кезеңі барысында ЖМ 1 курс 004 топ студенті Орынбасар Шаттық және Морфологиялық пәндер департаментінің әдіскері және «коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология» кафедрасының стажор ұстазы Куткожина Зита Өмірбекқызы өз өнерлерімен жиналған қауымды тәнті етті. Жұлдызды жұптарымыздың барынша нақышына келтіре орындаған әндері: «Широка река». Сахнада бұл әнді орындауға бар өнерлерін салған қос жұлдыз көрермендердің қошеметіне ие болды. Әділ қазылар алқасы мүшелерінің ұпай саны арқылы нәтижесінде бірінші орынды иеленді.

Байқауда барлығы 16 ұстаз өз студенттерімен бірлесіп, өнер көрсете білді. Ұстаздар мен студенттердің  атсалысуымен өткізілген шара шәкірттерге жақсы көңіл күй сыйлады. Осынау шараға қатысушыларға  С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің  басшылығы сый-сияпат табыстап, алдағы уақытта да студент – ұстаз арасындағы қарым-қатынас үзілмеуін тіледі, ұйымдастырылған шараға жиналған жұрт риза болып тарқасты. Барлық жұптар мақтау қағаздармен және бағалы сыйлықтар марапатталды. «Екі жұлдыз» байқауы жоғары дәрежеде өткізілді.