Гимн КазНМУ имени С.Д. Асфендиярова
Авторы: Төрехан Әбіш
(выпускник стоматологического факультета Университета 1966 года)
Жаралған ерекше маман бар,
Еңбегін бағалап адамдар,
Жаныңа араша болсам деп,
Түн қатып ұйқысыз алаңдар.
Қайырмасы: Дәрігер жаныңның панасы,
Жаңарып білімнің саласы,
Университетім, университетім,
Әлемге танылған бағасы.
Әлдилеп ұлттық бесігім,
Ұрпаққа ашылып есігің,
Университетім, ұраным
Жүректе мәңгілік есімің.
Қайырмасы: Дәрігер жаныңның панасы,
Жаңарып білімнің саласы,
Университетім, университетім,
Әлемге танылған бағасы.
Ұшырдың ұядан тербетіп,
Шыңдардан асудан бірге өтіп,
Ұстаздың жолымен келеміз
Ақ-халат жарасып ержетіп.
Қайырмасы: Дәрігер жаныңның панасы,
Жаңарып білімнің саласы,
Университетім, университетім,
Әлемге танылған бағасы.