ЗАҢСЫЗ АБОРТ ЖАСАУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ

25 Sep 2014

УДК 618.39:343.62:340.134

 

Г.Х.Сулейменова, А.Б.Отарбаева, К.Ж.Байтекова

Медициналыққұқық және денсаулық сақтаудағы

заңнама негіздері модулінің оқытушылары

 

 

Мақалада Қазақстан республикасындағы заңсыз аборт жасау мен жасанды жолмен жүктілікті бұзудыңөзекті мәселелері қарастырылады.Сондай-ақ аборттың түрлері, аборт жасаудың тәртібі мен аборттың зиянды салдары талданады.

Түйінді сөздер: Қазақстан республикасы, Денсаулық сақтау министрі, аборт, заңсыз аборт, жүктілік

 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «еңқымбат қазына – адам және адамныңөмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деп жарияланған [1, 4 б.]. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлыққұқық салалары, оның ішінде Қылмыстыққұқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.

Аборт жасау туралы деректер ерте заманнан-ақ белгілі. Ол туралы мәліметтерді Гиппократ, Ибн Синна, Аристотель мен Цицеронның еңбектерінен кездестіруге болады. Ертедегі медицина атасы Гиппократ жасанды аборт жасау, түсік тастау заңсыз деп есептеген. Гиппократ мектебінен шыққан ол кездегі дәрігерлер: “…мен ешқашан да түсік тастатуға дәрі-дәрмек қолданбаймын” деп ант берген.

Аборт деп заңда белгіленген тәртіппен  жасанды жолмен жүктілікті бұзуды айтамыз. Абортты жүзеге асыру осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алған арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады. Жүктілікті жасанды түрде жоюдың медициналық негіздерінің тізімін ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі анықтайды, ал әлеуметтік көрсеткіштердің тізімі Қазақстан Республикасы бекіткен ережелер бойынша белгіленеді.

Аборттың екі түрі бар:

Біріншіден-құқыққа сай, жүктілікті жасанды түрде үзу немесе аборт – жүктілікті үзу және жатырдағы біткен ұрықты өмірге қабілеттілік мерзіміне жеткізбей дәрі-дәрмектік немесе хирургиялықәдістерді қолдана отырып және әйелдің (заңды өкілінің) жазбаша ақпараттандырылған келісімін ала отырып, жүктілікті үзу, жатырдан ұрықты алып тастау, яғни медициналық көрсеткіштің негізінде әйелге қауіп төну кезінде заңға сай жасанды үзу айтамыз.

Екіншіден-заңсыз аборт, яғни медициналық білімі жоқ адамныңәйел мен баланың денсаулығына зиян келетінін біле тұра аборт жасауы. Заңсыз аборт жасау, науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексінің 104-бабына сәйкес жүктілікті жасанды түрде үзу құқығын жүзеге асырылатын жағдайлар:

  1. Әйелдің жүктілікті жасанды түрде үзуге құқығы бар.Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында дәрігерлер моральдық-этикалық, психологиялық және физиологиялық теріс салдарларды, ықтимал асқынуларды түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті.
  2. Жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдіңқалауы бойынша жүктіліктің он екі аптаға дейінгі мерзімінде, әлеуметтік айғақтар бойынша — жүктіліктің жиырма екі аптаға дейінгі мерзімінде, ал жүкті әйелдің және (немесе) шарананыңөміріне қатер төндіретін медициналық айғақтар болған кезде (шарананың дамуы мен жай-күйініңөмірмен сыйыспайтын туа біткен кемістігі түзелмейтін монотектік генетикалық аурулар болған кезде) — жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады.
  3. Кәмелетке толмаған адамның жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.
  4. Емдеу-профилактикалықұйымдарда әйелдіңқалауы бойынша жүктілікті жасанды түрде үзуге дейін және одан кейін, контрацепция әдістері мен құралдарын жеке іріктеуді қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік консультация өткізіледі.
  5. Жүктілікті жасанды түрде үзудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді [2, ].

Аборт жасаудыңқауіптілігі жоғарыда көрсетілген әрекеттерді тиісті білімі және құралы жоқ, талапты қанағаттандырмайтын тұлғаның жасауы. Мексика, Бангладеш, Индонезия елдерде аборт жасау заңмен тиым салынған. Осы елдерде аборт жасатқан әйел қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болған.

Заңсыз аборт орын алған жағдайда қылмыстың обьектісі — әйелдердіңөмірі және денсаулығы (ҚР ҚК117-бабының 1-тармағы).

Обьективтік жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы арқылы сараланады. Заң бойынша абортты жоғары медициналық білімі бар хирург-гинеколог, акушер-гинеколог жүзеге асырады. Егер абортты жоғары медициналық білімі бар терапевт, невропатолог, медбике, фельдшер т.б. жасаса, онда олар осы қылмысты істегені үшін жауапты болады. Мұндай адамдар үшін тек қана аса қажеттілік жағдайында немесе орынды тәуекел ету арқылы әйелдіңөмірін сақтап қалу мақсатымен жүзеге асырылған аборт үшін ғана қылмыстық жауаптылық  орын алмайды.

Субъективтік жағынан ҚК-тің 117-бабының 1-тармағында көзделген қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам өзінде тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ екенін және осыған байланысты аборт жасауға құқығы жоқ екенін сезеді, бірақ та соны тілеп әрекет етеді.Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және әр түрлі ниеттермен: пайдакүнемдік (ақша немесе материалдық игіліктер), тұрмысқа шықпаған немесе  некесіз жағдайда пайда болған жүктіліктен арылуды  өтінген  әйелге аяушылық білдіру.

Қылмыстың субьектісі – жалпы, 16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамдар.

Егер аборт емдеу мекемесінен тысқары жерде  жүзеге асырылса (аса қажеттілік жағдайларынан басқа) аборт жасалатын әйел ауру болса немесе медициналық, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша оған аборт жасауға негіз болмаса, бұрыңғы жасалған аборттан соң 6 ай мерзім өтпесе, аборт заңсыз жасалған деп танылады.

Қылмыс заңсыз  аборт жасаған уақыттан бастап аяқталған деп  табылады.

ҚК-тің 117-бабына сәйкес заңсыз аборт жасағаны үшін жауаптылық көзделген.

  1. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi жоқ адамның аборт жасауы — бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi бар адамның заңсыз аборт жасауы — бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жыл мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  3. Тиiстi бейіндегі жоғары медициналық бiлiмi жоқ адамның аборт жасауы не тиiстi бейіндегі жоғары медициналық бiлiмi бар адамның бiрнеше рет заңсыз аборт жасауы -үш жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Абайсызда жәбiрленушiнiңөлуiне не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан заңсыз аборт жасау — үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады [3].

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жүктілікті жасанды түрде үзу әлеуметтік айғақтар көрсеткен:

  1. Жүктілік кезінде зайыбыныңқайтыс болуы
  2. Зорлаудан кейінгі жүктілік
  3. Ата-аналыққұқықтарынан айырылған (сот шешімімен) ерлі-зайыптылар
  4. Әйел босқын мәртебесінде болса немесе көшіп келуге мәжбүр болған
  5. Отбасында мүгедек бала болса
  6. Әйел заңды түрде некеде тұрмаса немесе неке жасына жетпеген болса [4]

Қазіргі кезде жасанды түсік жасау көбеюде,жасөспірімдер арасында да өсіп  келеді.Жыл сайын дүние жүзінде 500мың бала туу жасындағы әйелдер жүктілік әсерінен қайтыс болады.Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық кодексінің 117- бабында көзделген норма әйел денсаулығын заңсыз аборттың зардаптарынан қорғауды мақсат тұтады. Аталған қылмыстыққұқықтық нормалардыңқолданылуы мемлекеттің жалпы әйелдерінің репродуктивтік денсаулығын қорғау мәселесінде ұстанған позициясына, сондай-ақ аборттыңқұқықтық реттелу деңгейіне көп тәуелді.

Ана мен баланың денсаулығын сақтау барысында заңсыз абортқа тиым салғанымыз жөн.

 

Әдебиеттер тізімі

1       Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: 2013.

2       Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі

3       ҚазақстанРеспубликасыныңҚылмыстықКодексі. – Алматы: 2012.

4       Жүктілікті жасанды түрде үзу ережесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің м.а. 2009 жылғы 30 қазандағы N 626 Бұйрығы. Қазақстан РеспубликасыныңӘділет министрлігінде 2009 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5864 болып енгізілді.

 

 

 

Г.Х.Сулейменова, А.Б.Отарбаева, К.Ж.Байтекова

Модуль медицинского права с основами законодательства в здравоохранении

 

ПОНЯТИЕ НЕ ЗАКОННОГО АБОРТА И ПРАВОВОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ

 

Резюме: В данной статье рассматривается проблемы незаконного аборта и об актуальных проблемах искусственного прерывания беременности в Республики Казахстан. Также рассмотрены виды аборта, правила производства аборта и о негативных последствиях аборта.

Ключевые слова: республика Казахстан, Министерство здравоохранения, аборт, незаконный аборт,беременность

 

 

 

 

G.H.Suleymenova, A.B.Otarbayeva, K.J.Baytekova

Module of Medical Law with the Basics of Legislation in Healthcare

 

THE CONCEPT OF A LEGAL ABORTION AND LEGAL REGULATION

 

Resume:This article has highlighted the problem of illegal abortion and about the actual problems of abortion in the Republic of Kazakhstan. Also considered types of abortion,  rules of production abortion and the negative consequences of abortion.

Keywords: Republic of Kazakhstan, Ministry of Health, abortion, illegal abortion, pregnancy

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ