15 Mar 2013
УДК 614.7:574:546.3-053.2
Б. А. АСЫЛБЕКОВ, Э. С. ХУСНУТДИНОВА, М. Т. БИТІЛЕУОВА, Г. Е. СҰЛТАНАЕВА, Л. К. НАЗАРОВА
Жетісу аудандық мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Аннотация – төменде берілген мақалада Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша өндірістік мекемелеріндегі жұмыс істейтін адамдардың денсаулығының көрсеткіштері туралы мәліметтер берілген. Мақаланың соңында берілген кестеде жыл бойына тіркелген аурушаңдылық саны мен ауырған күндер тізімі берілген.
Түйінді сөздер: аурушаңдық, жұқпалы ауру, нозология.
Адам денсаулығы – оның биологиялық, физиологиялық, психикалық қызметінің, белсенді және максималды өмір ұзақтығы кезінде қалыпты жұмыс қабілетінің және әлеуметтік белсенділігінің динамикалық жағдайы. Тұрғындардың аурушаңдығын зерттеу, негізінен медициналық көмек көрсетуге жүгіну мәліметтері бойынша, медициналық қарау мәліметтері бойынша жүргізіледі. Жалпы аурушаңдық келіп қаралу бойынша тіркеледі және жедел түрде (12 сағат ішінде) мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық мекемелер мен органдарға хабарлама береді. Әрбір ауруға немесе ауруға күдік туған кезде «Жұқпалы ауруға, тағамнан, жедел кәсіптік уланудан және егуге басқаша реакция көрсеткен жағдайда» жедел хабарлама толтырылады. Санитарлық дәрігер тіркеу және есеп беру формаларын пайдалана отырып, мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің қарасты ауданындағы жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың деңгейін есептеп шығарады. Біздің бұдан айтпағымыз Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының МСЭҚБ өндірісті бақылау бөлімінің 2012 жылға жүргізген аурушаңдықты тіркеу және есеп беру жұмысы осыған дәлел.
2012 жыл бойы Жетісу ауданында мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бақылауымен есепте өндірістік кәсіпорындардың 344 әр түрлі формасы тіркелді. Меншік есеппен түзетілген есептік кезең -301(2011ж — 363), жұмысшылар саны – 7414 (2011ж — 9315), оның ішінде әйелдер – 1130 (2011ж — 1510).
Жоспар бойынша кезеңдік медициналық тексеру — 4479 болды, ол 60,4% меншікті салмақты құрайды. Мемлекеттік емес сектордын 9 – медициналық орталығында кезеңді медициналық тексеру кезінде қамтылған саны – 4479 ( 2011ж — 5210), оның ішінде әйелдер – 895 (2011ж — 1510), қамтылғандар көрсеткіші — 100% (2011ж-100%) құрайды. Медициналық тексерудің қорытынды актісінің нәтижесі бойынша басқа жұмысқа ауыстырылғандар саны 2012ж — 55, ал 2011ж — 44. Соматикалық аурулардың төмендеуінде 2012ж — 214 жағдай белгіленді, ал 2011ж — 1137. Санаторлы-курортты емделуге- 80, онын ішінде әйелдерден- 35-і жіберілді.
Фельдшерлік пункты 3 кәсіпорынның 300 — ден аса жұмысшыларының жалпы аурушылдық сараптама көрсеткіші бойынша есептік кезеңі аурушылдық дәрежесінің төмендегенін және аурушылдықтың өсу жағдайын бір ғана нозологиямен көрсетті:
— Бауыр ауруы ЖПВ, асқазан асты безімен 2012 жылы — 8 жағдай, ал 2011 жылы – 3 жағдай тіркелді. Бақылау объектісінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жуйесі» кодексін бұзғанына орай мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау органы тарапынан – 15 айыппұл (2011ж -10) салынды. Айыппұл көлемі – 367286тг (2011ж — 196560). 15 өндірістік кәсіпорында уақытында медициналық тексеруден өтпегені үшін 310 адам жұмыстан шығарылды.
1 кесте — 2012 жылға арналған Жетісу ауданының аурушаңдық көрсеткіштері
Аурудың аталуы |
2011 |
2012 |
||
Жағдай |
Күні |
Жағдай | Күні | |
Тыныс алу жүйесінің туберкулезі |
1 |
100 |
0 |
0 |
Психикалық бұзылыстар |
1 |
29 |
1 |
51 |
Перифериялық жүйке жүйесінің аурулары |
41 |
256 |
15 |
78 |
Көз және көз жатырларының аурулары |
7 |
42 |
6 |
55 |
Құлақ және |
4 |
37 |
4 |
26 |
Гипертония, гипертонияның салдарынан мидың әлсіреуі |
48 |
421 |
32 |
237 |
ИБС және аурудың гипертониялық емес түрлері |
14 |
223 |
13 |
215 |
Артерия, артериол және вена аурулары |
7 |
39 |
4 |
19 |
Ангина және жедел фарингит |
38 |
133 |
20 |
60 |
Жедел респираторлы инфекциялар |
112 |
519 |
79 |
398 |
Жоғарғы тыныс жолдарының аурулары |
44 |
212 |
17 |
75 |
Пневмония |
5 |
72 |
2 |
17 |
Тұмау |
13 |
74 |
8 |
44 |
Тыныс жолдарының созылмалы ауруларының асқынуы |
41 |
271 |
30 |
217 |
Асқазан және он екі ішектің жарасы |
6 |
91 |
8 |
67 |
Гастрит және дуоденит |
20 |
142 |
17 |
121 |
Бауыр және ұйқы безінің аурулары |
21 |
343 |
22 |
334 |
Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары |
27 |
216 |
15 |
186 |
Әйелдердің жыныс жолдарының қабынуы |
4 |
66 |
5 |
90 |
Тері және тері асты клеткаларының инфекциялары |
6 |
33 |
4 |
32 |
Тері және тері асты клеткаларының қабынуы(дерматит, экзема) |
2 |
47 |
3 |
19 |
Сүйек-бұлшық ет жүйесінің және дәнекер тінінің аурулары |
44 |
366 |
36 |
336 |
Басқа да аурулар |
42 |
478 |
22 |
135 |
Жарақаттар, өнеркәсіпке байланысты уланулар |
1 |
16 |
1 |
8 |
Жұмысқа барып келу жолдарындағы жарақат |
3 |
46 |
1 |
35 |
Тұрмыстағы уланулар және жарақаттар |
25 |
382 |
20 |
281 |
Барлық аурулар бойынша қорытынды |
579 |
4670 |
385 |
3136 |
Осы жағдайларға байланысты көптеген медициналық – профилактикалық алдын-алу шаралары жүзеге асырылды, оның ішінде витаминдермен емдеу, санаторлы-курортты ем тағайындау, уақытша еңбек демалысы және т. б.
Әдебиеттер тізімі
1 Кириллова В. Ф. Учебн. Пособие. — 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Медицина, 2001. – 400 с.
2 Неменко Б. А. Коммуналдық гигиена бойынша практикалық сабаққа арналған басшылық. – Алматы: 2010. — 75 б.
3 ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2009. – 108 б.
Б. А. АСЫЛБЕКОВ, Э. С. ХУСНУТДИНОВА, М. Т. БИТІЛЕУОВА, Г. Е. СҰЛТАНАЕВА, Л. К. НАЗАРОВА
АНАЛИЗ ЗАБОЛЕВАЕМОСТИ РАБОТНИКОВ ПРОМЫШЛЕННЫХ ПРЕДПРИЯТИЙ
ЖЕТЫСУЙСКОГО РАЙОНА ПО ГОРОДУ АЛМАТЫ
Резюме: В данной статье придоставлен анализ заболеваемости ВУТ за 2012г. в сравнении с 2011 г. по Жетысуйскому району. Отчетный период показал, что уровень заболеваемости снизился, рост случаев заболеваний показал только одной нозологии – болезни печени.
B.A.ASYLBEKOV,E.S.HUSNUTDINOVA, M. T. BITILEUOVA, G.E. SULTANAEVA, L. K. NAZAROVA
ANALYSIS OF THE INCIDENCE OF INDUSTRIAL WORKERS OF ZHETYSU
DISTRICT OF ALMATY CITY
Resume: In this article provided analysis of the incidence of HLA by 2012 year in comparison with 2011 year by Zhetysuiskiy district. Report period showed that the incidence of decreased, rise in disease showed only one nosology – liver disease.