Жобалар

Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2021–2023 жылдарға арналған қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда (Грант № AP09260497).

2020 жылы 13 наурыз айында Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайлары тіркелді. SARS-CoV-2 жаңа инфекциясының таралуына қарсы тұру және оны тоқтату мақсатында, Қазақстан 2020 жылы 19 наурыз айында төтенше жағдай жариялап, карантиндік шектеулер енгізді.Халықтың физикалық алшақтылығы және өзін-өзі оқшаулау стресстің жоғарылауына әкелді, бұл өмір салты мен күнделікті мінез-құлыққа, соның ішінде тамақтану әдеттеріне, алкогольге және басқа да психоактивті заттарға, физикалық белсенділік пен ұйқының бұзылуына әсер етті, денсаулық үшін қолайсыз жағдайлар жасады, созылмалы аурулардың өршу қаупін арттырды және COVID-19 ауыр ағымы, халықтың денсаулығының деңгейіне кері әсерін тигізуі мүмкін және созылмалы аурулар бойынша медициналық қызметке деген қажеттілікті арттыруы мүмкін, сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалықты арттырады, демек, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен эпидемияны басқару процесіне кері әсерін тигізеді.

Пандемия кезіндегі мінез-құлықты өзгерту бойынша зерттеулер бүкіл әлемде жүргізілуде. Бұл мінез-құлық өзгерістеріне әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін, соның ішінде жасына, орналасқан жеріне, әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне және мәдени жағдайына байланысты болуы мүмкін. Алайда, бұл мәселелер бүкіл әлемде белсенді түрде зерттеліп жатқанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін бұл мәселелерге арналған зерттеулер Қазақстанда жоқ.

Жобаның басты мақсаты – COVID-19 пандемиясы жағдайындағы Қазақстан халқының өмір салтындағы өзгерістерді, олардың COVID-19 қаупімен байланысын, сондай-ақ халықтың медициналық қызметтердің қажеттіліктері мен қолданылуын зерттеу және денсаулық сақтау жүйесі бойынша ұсыныстар беру.

Күтілетін нәтижелер: 

Зерттеу нәтижесінде:

  1. COVID-19 пандемиясы жағдайында Қазақстан халқының өмір салтының өзгеруінің негізгі тенденциялары зерттеліп, уақыт өте келе болатын өзгерістер анықталады (мысалы, елде шектеу шараларын енгізу және алып тастау кезінде).
  2. Қазақстан халқына тән, денсаулығына жағымсыз мінез-құлыққа, мінез-құлық факторларына, COVID-19 қаупіне байланысты вакцинация мәселелеріне ұшырайтын халықтың осал топтары анықталады.
  3. Денсаулық сақтау қызметіне қол жеткізуге және пайдалануға байланысты өмір салты факторлары анықталады
  4. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі мен тұрғындары үшін мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған ұсыныстар басылым түрінде әзірленетін болады:

а) Алынған нәтижелер 3 ғылыми журналда жарияланып, CiteScore пайыздық үлесі 35% -дан кем емес және SCOPUS ғылыми-метрикалық мәліметтер базасына сәйкес Q1-Q2-ге енгізілген болады.

б) ҚР КОКСОН ұсынған журналдарда 2 жарияланым жоспарлануда

в) халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Колумбия университетінің (АҚШ) ғылыми тобымен (серіктесімен) бірлескен іс-шаралар аясында алынған ғылыми нәтижелер бойынша семинар өткізу жоспарлануда.

2021 жылға арналған ғылыми нәтижелер:

Эпидемиялық жағдайдың өзгеруіне және вирустың жаңа түрлері пайда болуына, сондай-ақ жаңа тиімді вакциналардың пайда болуына байланысты зерттеу құралдары кеңейтілді және кестенің бір бөлігі ретінде 1 және 2 раундтарды өткізу уақыты өзгертілді.

Зерттеудің алғашқы екі кезеңі 1,5 ай бойы жүргізілді. Бірінші раундта сауалнама әлеуметтік-демографиялық және экономикалық сипаттамаларға, сондай-ақ өмір салты мен медициналық қызметтерге қолжетімділіктің өзгеруіне, аурушаңдық тарихына, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қатысты жүргізілді. Екінші раундта вакцинация деңгейі мен вакцинацияға деген көзқарас, өмір салты факторлары, психикалық денсаулық және Covid-19 қаупінің жоғарылауымен байланысты факторлар бағаланды. COVID-19 пандемиясының контекстінде мінез-құлық факторлары мен қызметтерді пайдалану мен қолжетімділік арасындағы байланыс зерттелді.

Зерттеу тобының құрамы:

Аты-жөні, дәрежесі / ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Негізгі жұмыс орны, қызметі Жобадағы рөлі Хирш индексі (h-индекс) / Негізгі ғылыми-метриялық дерекқорлардағы профильге сілтемелер: Scopus ID/ Web of Science Researcher ID/ https://orcid.org  
 
1 Мергенова Гаухар Айдарбековна, к.м.н., доцент ВУЗа АИТВ-инфекциясы курсы мен эпидемиология кафедрасының меңгерушісі, ҚазҰМУ Жетекші, бас ғалым

h-индекс -3 Scopus, WoS.

Негізгі ғылыми-метриялық дерекқорлардағы профильге сілтемелер: Web of Science Researcher ID AAZ-1336-2020, Scopus Author ID: 57188716394, https://orcid.org/0000-0003-4702-1944

 
2 Изекенова Айгульсум Кулынтаевна, PhD, доцент ВУЗа АИТВ-инфекциясы курсы мен эпидемиология кафедрасының доценті, ҚазҰМУ Жетекші зерттеуші, жоба координаторы

h-индекс -3 Scopus, WoS.

Web of Science Researcher ID: AAB-4740-2020, Scopus Author ID: 55735840600, https://orcid.org/ 0000-0003-3850-8689.

 
3 Изекенова Асель Кулынтаевна, PhD, доцент  Вуза Халықаралық бизнес университетінің доценті Жетекші зерттеуші

h-индекс -1 Scopus, WoS.

Web of Science ResearcherID AAR-3128-2020, publons.com/p/28804018/, Scopus Author ID: 56447042600, https://orcid.org/0000-0003-3765-8036

 
4 Жусупов Бауржан Сабитович, MpH ҚР ДСМ ДСҒО директор орынбасары Аға ғылыми қызметкер

h-индекс-10 Scopus, WoS.

https://orcid.org/0000-0002-8240-2753

 
5 Алекешева Ляйля Жулдасовна, к.м.н., доцент ВУЗа АИТВ-инфекциясы курсы мен эпидемиология кафедрасының доценті, ҚазҰМУ Аға ғылыми қызметкер  https://orcid.org/0000-0001-8663-5987  
6 Карибаев Куаныш Болатович, MpH ҚазҰМУ, ҚДМ деканы Ғылыми қызметкер

h-индекс -1  Scopus, WoS.

https://orcid.org/0000-0002-5452-8076

 
7 Искакова Балнур Аманкуловна, MpH ҚазҰМУ докторанты Ғылыми қызметкер  https://orcid.org //0000-0002-5862-5375  
8 Мыркасымова Акбопе, MpH ҚазҰМУ докторанты Ғылыми қызметкер https://orcid.org/0000-0002-2134-2494  
9 Ерденова Марал Ажмуханбетовна, MeG ҚазҰМУ докторанты Ғылыми қызметкер https://orcid.org/0000-0002-4375-9506  
10 Бухарбаева Асель Еркиновна, MeG ҚазҰМУ эпидемиология және гигиена бойынша медицина ғылымдарының магистрі Кіші ғылыми қызметкер https://orcid.org/0000-0002-6170-1527