ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ҚАЗҰМУ ТҮЛЕКТЕРІ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІН АНЫҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ




27.03.2015

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ҚАЗҰМУ ТҮЛЕКТЕРІ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІН АНЫҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

2014 ж. желтоқсан айында Білім сапасын зерттеу, бақылау және аккредитация Орталығы (БСЗБА) жұмыс берушілерге ҚазҰМУ түлектерінің дайындық деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.

Зерттеу мақсаты:медициналық ЖОО түлектерінің дайындық, дағды және құзіреттілік деңгейлерін анықтау.

Респонденттер ретінде ҚР аймақтарының медициналық мекемелеріндегі жұмыс берушілер алынды (Алматы, Алматы облысы, СҚО, БҚО, ШҚО, ОҚО және Жамбылоблысы). Алғашқы ақпаратты жинау үшін зерттеудің сандық әдісі қолданылды, яғни зерттеу тақырыбы бойынша респонденттердің субъективті пікірлері талданады.Аймақтарға 146 сауалнама жіберіліп, оның 81-не (55.4%) комментарилермен бірге жауап алынды. Бұл көрсеткіш әлеуметтік зертеу стандарттарына сай анализ жасау үшін жеткілікті деп саналады. Аймақтар бойынша респонденттер саны: Алматы – 24, Алматы облысы – 21, ШҚО және СҚО – 8, БҚО – 15, ОҚО – 7, Жамбыл облысы – 6.

Зерттеу нәтижелері:жұмыс берушілердің арасында көтерілген ең өзекті мәселе түлектердің практикалық дайындық деңгейлерінің жетіспеушілігі болды.Қазақстанның көптеген жұмыс берушілері сапалы практикадан өту қажеттігін ескеріп, практикаға бөлінетін сағаттар санын арттыруды ұсынды (65%). Сонымен қатар студенттердің клиникалық ойлау қабілетін дамытуды алға қою керектігін айтты. Респнденттердің пікірінше, екінші өзекті мәселе қазіргі таңда педиатрлық кадрлардың жетіспеушілігі болып отыр.Педиатрларды даярлауды 1-ші курстан бастау керек деген ұсыныстар да көрінді.Алынған ақпараттарға сай педиатрлар жетіспеушілігін, көбінесе, Алматы қаласы мен Алматы облысының жұмыс берушілері айтып отыр.Университеттің сапалы, білімді түлектері үшін алғыс білдірген облыс Батыс Қазақстан болып шықты. («…ақылды әрі жауапкершілікті түлектер үшін алғыс айтамыз»). Бірнеше респонденттер білім алушылардың бойына адам өмірі үшін жауапкершілікті сезінуді қалыптастыру маңыздылығын атап өтті. Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарының жұмыс берушілері микрохирургия саласы мен амбулаторлық жұмыстарда кәсіби дағдыларды дамытуға көбірек көңіл бөлуді ескертіп, патологиялық анатомияны қайта жандандыру ұсынысын жасады.

Қорытынды:жалпы, респонденттердің көпшілігі (74%)ҚазҰМУ түлектерінің дайындық деңгейін жоғары бағалады.