«Заман-ай-2» қойылымын тамашалау




01.11.2017

Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарманың  тапсырысымен, Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында  «Өнер қырандары» театрының «Заман-ай-2» қойылымы көрсетілді.

Адам өмірінде кездесетін әр қилы оқиғалар алға тартылып, адамдардың уақытты мәнсіз өткізетіндігі, жасы үлкен қарттар мен ата-аналардың теледидардағы өзге елдің (үнді, түрік, кәріс)  телехикаяларының құрсауына кетіп бара жатқандығы, жас буынның өзге елдің салт-дәстүріне еліктеуі мен ғаламтор желісіне тәуелділігінің  қыр-сырын  ашып көрсеткен қойылымның  сюжеті өте өзекті тақырыпты қозғаған.

Өз өмірлері жайында ойланып, сезінуге әсер ететін бұл қойылымның тәрбиелік және рухани жағынан жастарға берер тағылымы мол.

Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың  бастамасымен бұл іс-шараға Университеттің жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау және стоматология мектептерінің 100 студенттері мен тәлімгерлері  ұйымдасқан түрде барып, тамашалап қайтты.

 

Студенттерді әлеуметтік қолдау

және қызмет көрсету бөлімі