Қысқы мектептің 2 күні




30.01.2015

27.01.2015 жылы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Даңқ Залында «Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті сұрақтары: денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу (мінез-құлықтық қауіп факторлары)» VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің ашылу салтанаты өтті.

Қысқы мектептің қатысушыларынаҚазҰМУ Ректоры А.А.Аканов сәлемдесу сөзін сөйлеп, «Қоғамдық денсаулық сақтау – саясат негізіндегі Қазақстанның бәсекеге қабілетті жетістігі» презентациясымен баяндама оқыды.

VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің бағдарламасы шеңберінде «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының меңгерушісі Турдалиева Б.С. «Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектепті ұйымдастыру және жүргізу қорытындысы» тақырыбында презентазия баяндады.

Осыдан кейін, Қысқы мектептің қатысушылары Қазақ тағамтану Академиясының вице-президенті Ю.А. Синявскийдың  баяндамасын тыңдады.

Сондай-ақ, бүгінгі күннің екінші жартысында «Студенттердің тамақтану ерекшелігі» тақырыбында «Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі М.С.Қайнарбаев семинар жүргізді.

Соныменқатар,көрсетілген тақырыпта семинар өткізілді:«Нутрициология» кафедрасының доценты Бердыгалиев А.Б. «Тағамдық қоспаларды қолдану және олардыңден саулыққа әсері»; «Нутрициология» кафедрасының доцентыХасенова Г.Х. «ҚР темір тапшылықты анемияның таралуы және алиментарлы-тәуелділік ауруларының профилактикасы», «Нутрициология» кафедрасының доценты Ушанская Е.Ю. «Семіздік және артық салмақ мәселелері. Кешенді алдын – алу шаралары»