Қысқы мектеп




23.01.2013

14 қаңтар Қысқы Мектеп қатысушылары Университет мұражайына барып, сақталған құнды мұрағаттармен танысты. Біздің мұражайдың өте бай қоры, қазақ даласындағы медицина тарихы, даму кезеңдері мен еңбек еткен ғалымдар мен ұстаздар туралы ақпарат қатар қойылып, өз үйлесімін тапқан. Көрермендер мұражай жетекшісінің айтылған әр-бір сөзін жадына сақтап, сұрақтарын қойды.

15 қаңтар, 2013 жылы, Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық Денсаулық Сақтау Мектебінің ұйымдастыруымен өткен Қоғамдық Денсаулық Сақтаудың Халықаралық төртінші Қысқы Мектебінің аясында Қазақстан Республикасының түрлі қалаларынан келген қатысушылармен бірге, Университетіміздің Жастар Денсаулық Сақтау Орталығының қатысуымен Нұр Отан ХДП, Жас Отан  ЖҚ Алматы қалалық филиалының белсенді жастарымен кездесу өтті. Жиында, жастарды халықаралық деңгейде  ынтымақтастыру мәселелері сөз болып, жаңа әдістердің артықшылықтары айтылды. Кездесу аяғы естелік фотосуретке түсумен ұласып, келер уақытта бірге жұмыс жасауға уәделесті.