Қысқы мектеп 3 күн




30.01.2015

28.01.2015 жылы Х.Д. Досмухамедов атындағы Қоғамдық Денсаулық сақтау Мектебі және «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы  «Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзектң сұрақтары: денсаулықты нығайту мен ауруларды алдын-алу (мінез-құлықтық қауіп факторлары)» тақырыбында VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектепті жүргізудегі өз жұмысын ары қарай жалғастырды.

VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің бағдарламасы шеңберінде «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының доценты  Алтынбекова У.А. «Репродуктивті денсаулық және құқықтары, ЖЖБИ және АҚТҚ инфекциясының  профилактикасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Үшінші күнгі бағдарламаның жалғасында VI Қысқы мектептің қатысушыларымен «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының аға оқытушысы М.А.Рамазанованың «Төмен физикалық белсенділікті алдын-алу» тақырыбындағы баяндамасы талқыланып тыңдалды және «Тепе-теңдік» қағидасы бойынша тренинг жүргізілді.

Үшінші күннің соңында оқытушылар Н.Юсупова, Б.Касиева «Төменгі физикалық белсенділікті алдын алу» атты флэшмоб өткізді. Оған «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының оқытушылары және магистранттар, студенттер – Қысқы Мектеп қатысушылары белсене қатысты.