Қысқы мектеп 1 күні




30.01.2015

26.01.2015 жылы Х.Д. Досмухамедов атындағы Қоғамдық Денсаулық сақтау Мектебінде және «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасында «Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзектң сұрақтары: денсаулықты нығайту мен ауруларды алдын-алу (мінез-құлықтық қауіп факторлары)» тақырыбында VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектепті жүргізу басталды.

VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектепке Қазақстан Республикасының  медициналық жоғарғы оқу орындарының 3 курс студенттері, сонымен қатар Х.А. Яссави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің,  М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация Қазақ академиясының, Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің студенттері де қатысты.

    Денсаулықты нығайту сұрақтары бойынша бірінші күні VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектеп бағдарламасы шеңберінде «Мінез-құлықтық қауіп факторлары (артериалды гипертензия, артық салмақ, қант диабеті)» тақырыбындағы баяндаманы қоғамдық денсаулық сақтау бойыншаС.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ректорының Кеңесшісі, профессор – Мейманалиев Т.С. жүргізді.

    Сонымен қатар, бірінші күні «Коммуникативті дағдылар, психотерпия негізі, жалпы және медициналық психология» кафедрасының ассистенті Багиярова Ф.А. «Ментальды денсаулық және күйзелістің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің қатысушы қонақтары ҚазҰМУ музейіне барды