Қазақстан Республикасының студенттерін уақытша тіркеу             

  • Қазақстанда жаңа заң бойынша уақытша тіркелу міндетті, егер:
  • жалдамалы пәтерде, жатақханада немесе қонақүйде 10 күннен астам уақыт тұрса;
  • тегін тұрғын үйде (мысалы, туысқандарына қонаққа келсе) 30 күннен астам уақыт өмір сүрсе;
  • басқа қалада ұзаққа созылған (10 күннен астам) стационарлық емдеуде болса.
  • Қажетті құжаттар тізімі ( Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жатақханасында тұратын студенттер үшін):
  • төлқұжат (көшірмесі және түпнұсқасы);
  • мекенжай анықтамасы (Алматы қ. кез келген халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады);
  • деканаттан оқитыны туралы анықтама;
  • жігіттерге әскери билет немесе әскери тіркеу куәлігі (көшірмесі және түпнұсқасы);
  • жатақханаға жолдаманың көшірмесі. 
  • Білім алушылардың уақытша келу орны бойынша тіркеусіз тұруы әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Сөйтіп, уақытша келу орны бойынша 10 күнтізбелік күннен бір айға дейінгі мерзімде тіркеусіз болғанда ескерту жасалады. Бір ай өткеннен кейін 7 АЕК  теңге мөлшерінде айыппұл санкциялары қолданылатын болады. Әкімшілік жауапкершілікке пәтерлерін жалға беріп, онда өзінің пәтер жалдаушыларын тіркемеген жалға берушілер де әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Айыппұл мөлшері          10 АЕК теңгені көрсетеді.
  • Егер көрсетілген бұзушылықтар әкімшілік жазадан кейін 1 жыл ішінде қайталанса, 20 АЕК теңге көлемінде айыппұл салынады.

 

Шетел студенттеріне арналған ереже:

 

  1. Шетел азаматы және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шекарасынан өткеннен кейін 3 күнтізбелік күн мерзімінде ҚР-ның көші-қон полициясы бөлімшелерінде тіркелуге міндетті. Тіркелу үшін, Қазақстан Республикасына келген уақытта1 күн аралығында ұлттық төлқұжатты Шетел студенттерімен жұмыс бөліміне тапсырыңыз.: Ұлттық төлқұжатпен бірге келесі құжат тізімі болуы тиіс;
  • Ұлттық төлқұжаттың 3 көшірмесі
  • Бұйрықтан көшірме
  1. Виза мерзімін ұзарту үшін, виза уақытының аяқталуына 10 күн алдын ала ұлттық төлқұжатыңызды бөлім мамандарына тапсырыңыз; Визаны ұзарту үшін:
  • Ұлттық төлқұжаттың 3 көшірмесі
  • Оқу визасын төлеу туралы түбіртегі (Алматы қ-сы, «Сбербанк России», мекен-жайы; Қарасай Батыр — Мұратбаева)
  • Толтырылған визалық сауаланама (визалық сауалнаманы бөлім мамандарынан сұраңыз)
  • Фото 3,5*4,5 (1 дана)
  • Бұйрықтан көшірме
  1. Шетел азаматы жалдамалы пәтерге тек қана пәтер иесінің нотариалді келісімі арқылы тіркеледі. Келісім (түпнұсқасы) бөлімге тапсырылады.
  2. Шетел студентінің ұлттық төлқұжатындағы ақпарат өзгертілген немесе түзелтіген жағдайда (аты-жөні, туған жылы т.с.с.) студент өз мемлекетінің елшілігінен растау анықтамасын бөлімге тапсыруы тиіс;
  3. Академиялық үзіліс кезінде шетел студентінің виза мерзімінің күші белгілі уақыт аралығына жойылады.
  1. Оқу визасын иеленген щетел азаматтарына мемлекет аймағында жұмыс жасауға тыйм салынады. Бұл заңдылықты бұзған шет ел студенттеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік заңы бойынша жазаға тартынын (соның ішінде депортация) ескертеміз.
  2. Оқу жылы барысында басқа бір себептермен мемлекеттен кететін жағдайда әрбір шетел студенті бөлімге өзіне қарасты деканның келісімі бар өтінішті тапсыруы тиіс;
  3. Шетел студенттерімен жұмыс жасау бөлімі шақыру хатын рәсімдейді. Шақыру алу үшін;
  • Құжаттарды электрондық поштаға жіберу [email protected]
  • Оқу ақысын төлеу, келісім шарт рәсімдеу
  • Оқуға қабылдау туралы бұйрық
  • Виза тек қана оқуға қабылдау туралы бұйрық барысында әзірленеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Оқу жылы аралығында Қазақстан Республикасының шекарасын себепсіз аспауларыңызды сұраймыз!

Шетел студенттерімен жұмыс жасау бөлімі

Сұрақтар бойынша; Төле би 94, Ректорат,

1 қабат, 113 кабинет

Тел.: 8 (727) 338 70 30

Ішкі байланыс 7903, 7309