Университет тәлімгерлері мен жетекшілері кеңесінің отырысы




16.02.2018

Тәлімгерлер мен жетекшілер кеңесінің кезекті отырысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының маңыздылығын түсіндіріп, талқылаудан басталды.

Жолдауда дамудың жаңа мүмкіндіктері көрсетілген 10 бағыттың басты талаптары және оны университет жағдайында іске асыру мүмкіндіктері жайында фармация мектебінің әдіскері А. Караубаева мысалдар келтіре отырып, талдап берді.

Кеңес мүшелері Р. Сарсембаев, К. Хабдин, Н. Алмабаева «Адами капитал-жаңғыру негіздері» бағыты бойынша білім беру сапасын көтеру, оны жетілдіру бағытындағы нақты шаралар туралы өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Елбасы Н. Назарбаевтың халыққа арнаған дәстүрлі жолдауы еліміздің өркендеуі үшін жүйелі шараларды айқындап берген бағдарлама ретінде үлкен ықыласпен қабылданғаны және өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылуды жүзеге асыратын бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды дайындауда нақты жоспар мен жүйелі жұмысты үйлестірудің қажеттілігіне, жиын модераторы             Р. Жармағанбет тоқталып өтті.

Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау және стоматология мектептерінің өкілдері (А. Аймаханова, М. Заманбекова, А. Жексембиева) адамгершілігі зор, білімдар, өршіл рухты жастарды тәрбиелеуде академиялық топтардың тәлімгерлері мен жетекшілерінің тәрбие жұмысы бойынша жүргізілген жұмыстарының алдыңғы қатарлы тәжірибелері туралы сараптама жасады.

 

 Тәлімгерлер мен жетекшілер кеңесі