ХАБАРЛАНДЫРУ !!!

| Хабарландыру.

1 желтоқсан – «ҚР тұңғыш президенті күні» мерекесіне байланысты, білім алушылар үшін 2 желтоқсан күні демалыс күні болып жарияланады.

Хабарландыру

| Хабарландыру.

14.11.13 сағат 13:00- де патологиялық анатомия кафедрасында 205 аудиторияда Жалпы Медицина факультеті 3 курс студенттерінің қатысуымен “Жүрек-қантамыр аурулары” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.Конференцияның қадірлі қонағы болуға шақырамыз.

ХАБАРЛАНДЫРУ

| Хабарландыру.

Құрметті оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер 2013 жылдың 13-14 қараша  аралығында ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында байқау-сынақ өткізіледі. Сіздерден аталған байқау-сынаққа белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Тестілеуге университеттің барлық оқу департаменттерінің директорлары, бөлімше бастықтары, оқытушы-профессорлары, қызметкерлері  қатысуға міндеттеледі.  Байқау-сынақ бұйрықпен  бекітілген кестеге сәйкес  №2, №4 және №9 дәрісханаларда өткізіледі. Тілдік даярлық орталығы График для Учебных дисциплин График для… Read more »

ХАБАРЛАНДЫРУ!

| Хабарландыру.

Студенттердің №1 жатақханасының оқу залында «ЖАСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ» тақырыбына іскерлік ойын өткізіледі. Ұйымдастырушылар: химия және биохимия кафедраларының ұжымдары Өткізілетін уақыты: 2 қараша 2013ж. тәңертеңгі сағат 1000 Келіңіздер, көріңіздер, ой бөлісіңіздер!

Хабарландыру

| Хабарландыру.

Құрметті Ғылыми Кеңестің мүшелері   С.Д.Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ-нің Ғылыми Кеңесінің № 2 мәжілісі 2013 жылдың 29-шы қазан күні сағат 15.00-де  Университеттің  Даңқ залында (1-ші корпус) өтеді.

Хабарландыру

| Хабарландыру.

ҚазҰМУ  Жалпы медицина факультетінің Гистология кафедрасында  2-ші және 3-ші курс студенттерінің  қатысуымен 26-шы қазан күні сағат 12 00-де «Діни экстремизм мен терроризм»  тақырыбына байланысты дөңгелек үстел өтеді. Университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамы мен 2-ші және 3-ші курс студенттерін шақырамыз! Гистология кафедрасы, №3-ші аудитория.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

| Хабарландыру.

Құрметті оқытушылар және студенттер! Сенбі күні 19.10.2013 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің Қазыбек би, 82 мекен жайындағы ғимаратында №1в оқу бөлмесінде, АҚШ, Техас штатының Техас Техникалық Университетінің профессоры Марк Вебб Оуэнның қатысуымен сағат 10.00-де «Медициналық таным» тақырыбындағы студенттік-теориялық конференция сағат 12.00-де «Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы діннің ролі» тақырыбындағы «дөңгелек үстелге» іс-шараларға қатысуға… Read more »

ХАБАРЛАНДЫРУ

| АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІ, Жаңалықтар, Хабарландыру.

Құрметті оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер 2013 жылдың 21-25 қазан аралығында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында Қазтест жүйесі бойынша ақысыз байқау-сынақ өткізіледі. Сіздерден аталған байқау-сынаққа белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Тестілеуге университеттің барлық оқу департаменттерінің директорлары, бөлімше бастықтары, оқытушы-профессорлары, қызметкерлері  қатысуға міндеттеледі.  Байқау-сынақ бұйрықпен  бекітілген кестеге сәйкес  №6 және № дәрісханаларда өткізіледі.

Хабарландыру

| Хабарландыру.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 6-7 қараша 2013ж. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Алматы декларациясының 35 жылдығын атап өтуге арналған халықаралық конференциясы Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тезистер қабылданады. Толық ақпарат www.phc35.kz сайтында ұсынылған.

Хабарландыру!

| ҚазҰМУ-дың Әлеуметтік-тәрбие жұмысы, Хабарландыру, Хабарландыру.

Сіздерді 29 тамыз сағ 12.00-де университетіміздің Әл-Фараби алаңында өтетін С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамына арналған «ескерткіш-мемориалының» ашылу салтанатына шақырамыз. Салтанатты рәсімнен соң, сіздерді студенттердің ұстаздарға арнаған концерттік бағдарламасы күтеді.