Университет тарихи мұражайы студенттер мен оқытушыларды шақырады!




18.02.2014

2014 жылы қазан айының 20-шы жұлдызында көрнекті мемлекет және қоғам кайраткері, дарынды ғалым -тарихшы, профессор, педагог, Алматы медицина институтының ұйымдастырушысы, тұңғыш ректоры  Санжар Жапарұлы Асфендияровтың туғанына 125 жыл толады. Осы айтулы мерейтойға байланысты, университетімізде биылғы жыл С.Ж.Асфендияровтың өмірін, ғылыми еңбектерін, жүріп өткен   еңбек жолдарын  дәріптеуге  арналады. Қазіргі уақытта Университет тарихи  мұражайында С.Ж.Асфендияров жайлы түсірілген деректі фильмнің көрсетілімі жүріп жатыр.  Студенттер көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшының  өмір жолымен, жасаған игі істерімен осы деректі фильм арқылы жақын таныса алады. Университет тарихи мұражайына келіп,  С.Ж.Асфендияровтың ректорлық қызметін  атқарған  кезіндегі кабинеті, құжаттары және жеке  заттарымен жақын таныса аласыздар.

Университет деканаттарына, топ  тьюторларына, кураторларға, студенттерге  арнайы құлаққағыс етеміз. Тарихи мұражайды тамашалау үшін және деректі фильмнің көрсетіліміне  алдын-ала кесте бойынша жазыла аласыздар. Мұражай залының сыйымдылығы – 20-25 адам. Тарихи мұражайдың директоры Саятова Алия Сапаровна.  Университет студенттерін және профессорлық-оқытушылар құрамын осы деректі фильмді тамашалауға және оқу орнымыздың тарихын мұражайымен  жақынырақ көріп танысуға шақырамыз!

Келіңіздер! Көріңіздер! Біз сіздерді асыға күтеміз!