Стратегиялық жоспарлау бөлімі

Стратегиялық жоспарлау бөлімі 2008 жылдан бастап ҚазҰМУ-нің ғылым бөлімі жанынан стратегиялық даму бойынша басқарма ретінде құрылды, 2009 ж. «Университеттің стратегиялық дамыту басқармасы», кейін «Стратегиялық жоспарлау бөлімі» болып өзгертілді. Бөлімнің басшысы, медицина ғылымының магистрі Нуракынова Сабина Талғатқызы. Қызметкерлер: жетекші мамандар Бабаева А.С., Бегалина А.Б., әдіскер Камаубаева А.Б.

Бөлімнің мақсаты мен міндеті: (1) Қазақстан Республикасының негізгі стратегиялық құжаттарына сәйкес ҚазҰМУ стратегиялық даму жоспарын жасау және жаңарту; (2) оқу жылына арналған даму стратегиясын іске асыру бойынша негізгі іс-шаралардың кешенді жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу; (3) PEST, SWOT-анализі және Портердің бәсекелік анализі арқылы Университеттің сыртқы және ішкі  ортаның ықпал ету факторына анализ; (4) ҚазҰМУ негізгі қызмет түрлері ТОП-100 университеттері және ҚР медициналық ЖОО-мен бенчмаркинг; (5) ҚР БжҒМ және ҚР ДСӘДМ сұранысы бойынша оперативтік есеп дайындау; (6) ҚазҰМУ жылдық есебін жасау; (7) Университетте G-Global халықаралық жобасын жылжытуда көмек көрсету; (8) Университет Күнін дайындау бойынша іс-шараларды координациялау болып табылады.

Бөлім жұмыс атқарған кезеңінен бастап 9 нормативті-құқықтық құжаттарын,Университеттің стратегиялық және кешенді жоспарларын, КазҰМУ-тін дамыту концептуалды ұсыныстарын, 20 ақпараттық, аналитикалық және таныстыру материалдарын (мысалы, Университет брендбугі, Университет жайлы жарнамалық буклеті «Біздің бүгіні және болашағы», «ҚазҰМУ-не қош келдіңіз», 3 тілдегі Университет Проспекті) әзірледі. 2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін G-Global коммуникативтік алаңын (2014 жылдан бастап ЕХРО-2017 көрмесін қолдау) дамытуға қызметкерлер мен студенттерді тарту бойынша жұмыс жүрзіліп келеді. Бөлімнің басты міндеттерінің бірі университет репутациясын және имиджін мемлекет пен халықаралық деңгейде нығайту болып табылады. Сол себепті стратегиялық жоспарлау бөлімі республикалық және шетелдік көрмелерге (Денсаулық сақтау министрлерінің 3-ші Ислам конференциясы аясында Қазақстанның Денсаулық сақтау көрмесі, Астана қ-сы,29.09.-01.10.2011 ж.; «Қазақстандағы және шетелдегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру», Алматы қ-сы, 28.10.2011 ж.; Коммуникативтік алаңы G-GLOBAL-де «Қазақстандағы Денсаулық сақтау: бүгіні және болашағы» атты Денсаулық сақтау министрлігінің Виртуалды көрмесі; «Білім және Мансап 2015» Қазақстандық Халықаралық көрмесі, Алматы қ-сы, 19-21.04.2015ж.; QS WORLDWIDE халықаралық конференция шеңберіндегі көрме, Нижний Новгород қ-сы, 28-30.09.2015ж.) қатысады.

4