«Strategic thinking»




05.03.2013

2013 жылдың 22-ақпан айында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Тәжірибелік дағдылар орталығында «Strategic thinking» тобының бірінші кездесуі өтті. Кездесу барысында Орвилл Адамс (Канада) жіберген The Lancet “Health professionals for a new century: transforming education to strengthen health systems in an interdependent world” (Жаңа заман дәрігерлері: өзара тәуелді әлемдегі денаулық сақтау жүйесін күшейтуге бағытталған білімнің өзгерісі). Қатысушылар арасынан Исина З.Б. (Тәжірибелік дағдылар орталығының директоры) баяндаушы ретінде қызықты ақпарат ұсынды, ал Асимов М.А. (Коммуникативтік дағдылар орталығының директоры) төраға ретінде жұмыс атқарып, Сарсенбаева С.С. (БЗСБ және МБРҒН орталығының директоры) кездесудің қорытындысын жасады. Талқылаудың негізін шетелдік ЖОО мысалында медицина саласына қажетті сапалы реформалардың жүргізілуі, білім беру мен денсаулық сақтаудың қарым-қатынасы, реформаларды жүргәзу жолдары және білім беру стандарттарын әлемдік жоғары деңгейде ұстау болды. Барлық қатысушылар тақырып бойынша пікірлерімен, ұсыныстарымен бөлісті. Бұл тптың стратегиялық көзқарасының қалыптасуының негізі болып табылады. Келесі кездесуді өткізу 2013 жылдың 20-наурыз айына келісілді.