«STRATEGIC THINKING» ТОБЫ




12.02.2013

2013 жылдың 6-7 ақпанында Орвилл Адамс мырзамен (Adjunct Professor, Faculty of Medicine, University of Ottawa; Director, Department of Human Resources for Health, WHO Geneva; Director of Orvill Adams & Associates Incorporated) ҚазҰМУ «Strategic Thinking & Organizational Change and Development  (ST&OCD) Centre»  ұзақ мерзімді жоба аясында «Strategic Thinking» тобы құрылды, оның құрамына:  Амантаев Б.А., стоматология факультетінің деканы,  Исина З.Б., тәжірибелік дағдылар Орталығының директоры, Сарсенбаева С.С., БСЗБ және МБРҒН Орталығының директоры,  Утебалиева А.Х., кітапхана директорының орынбасары, Асимов М.А., коммуникативті дағдылар Орталығының директоры, Славко Е.А., оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы, Килыбаев Т., БСЗБ және МБРҒН Орталығының сарапшысы кірді. Топ қатысушыларының кандидатурасы Орвилл Адамс мырзамен 2012 жылдың желтоқсан айындағы ҚазҰМУ барлық құрылымдар қызметін бақылаудағы жеке кездесулер барысында анықталды.   Қазіргі кезге дейін Қазақстан медициналық жоғары оқу орындарында «STRATEGIC THINKING» тобын құратындай үлгі болмады.

Үш күн ішінде интерактивті тәртіпте жобаға қатысушылар стратегиялық ойлауды, сонымен қатар университеттің халықаралық білім беру кеңістігіндегі ұстанымын бекіту мүмкіндіктерін және білім беру сапасын басқару механизмдерін жетілдіруді талқылады. «STRATEGIC THINKING» тобының жұмыс жоспары, кездесулер форматы және күтілетін нәтижелері  анықталды.