Әскери кафедраға құжаттар қабылдау

«С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ

әскери кафедрасында оқуға студенттерді іріктеу

 

Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан аспайтын студенттер жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарына сәйкес әскери кафедрада оқуға студенттерді іріктеуді конкурстық негізде іріктеу комиссиясы жүргізеді.

Запастағы офицерлерді бағдарламасы бойынша әскери дайындық мемлекеттік білім беру тапсырысы және ақылы негіздерде жүзеге асыралады.

Әскери кафедрасы жоқ басқа университеттердің студенттері үшін оқыту тек запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша оқу тек ақылы негізде жүргізіледі. Запастағы сержанттарды бағдарламасы бойынша әскери дайындық ақылы негізде жүзеге асырылады.

Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуге конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:

  1. ҚР ҚМ 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚК әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы Ережеге сәйкес медициналық куәландырудан өту;
  2. Кәсіби-психологиялық тестілеу өткізу;
  3. Дене шынықтыру дайындығын тексеру;
  4. ЖЖОКБ (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымының) басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.

Студенттердің дене дайындығы дене шынықтыру бойынша физикалық нормативтерді тапсыру нәтижелерімен бағаланады. Үш нормативті тапсыру сомасы бойынша 8 балл жинамаған студенттер осы кезеңінен өтпеген болып саналады.

 

Запастағы офицерлер мен запастағы

сержанттар бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларына

4 қосымша

 

Студент-бозбалалар үшін

Дене шынықтыру бойынша нормативтер

 

№ п/п Бақылау жаттығулары Балл

«5»

(өте жақсы)

«4»

(жақсы)

«3»

(қанағаттанарлық)

1. 100 м (с) жүгіру 14,2 14,5 15,0
1. 3000 м (мин) жүгіру 13,00 15,00 16,00
2. Биік белтемірге тартылу (саны) 12 10 8

 

 

Студент бойжеткендер үшін

Дене шынықтыру бойынша нормативтер

 

№ п/п Бақылау жаттығулары Балл

«5»

(өте жақсы)

«4»

(жақсы)

«3»

(қанағаттанарлық)

1. 100 м (с) жүгіру 16,0 16,5 17,0

2.

 

2000 м (мин) жүгіру 10,00 11,3 12,2
3. Шалқасынан жатып күйде қолын желкесіне қоюмен денені көтеру (саны) 25 20 15

 

Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу ЖЖОКБ-ның компьютерлік сыныптарында жүргізіледі және ол ынталық, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.

Конкурстың нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін келесі күні сағат 17.00-ге дейін әскери кафедраның ақпараттық стендіне орналастырылады.

Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі.

Запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

Запастағы сержанттарды дайындау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші            (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент төменде келтірілген тізбе бойынша құжаттарды қоса берумен өтініш ресімдейді:

  1. Өтініш (әскери кафедрада беріледі және толтырылады);
  2. Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
  3. Тіркеу куәлігі (жігіттер) немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме);
  4. Көлемі 3х4 см екі фотосурет;
  5. Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
  6. Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат;
  7. Студенттің ЖЖООКБ-да нақты оқутыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама.

Әскери кафедраға ұсынылған құжаттар жеке іске тігіледі және студенттің қолына жергілікті әскери басқару органдарында медициналық куәландырудан өту үшін карта беріледі.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін медициналық куәландыру нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей әскери кафедраға ұсынылады.

Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.

Оқу үшін әскери кафедраға қабылданған студенттер әскерге шақыру бойынша әскери қызметке ықтимал кандидаттар болып табылады және тиісті міндеттеме қабылдайды.